1. Комиссияға Жұмыс тәртiбiне сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне (бұдан әрi - Медетшi банк) "Қарметкомбинат" МАҚ-ның қарыздарын қайтару мәселелерiн одан әрi қарау мiндеттерi жүктелсiн.
2. Комиссия 10 күн мерзiм iшiнде Медетшi банкiне өз қарамағындағы барлық құжаттарды, материалдар мен "Қарметкомбинат" МАҚ кредиторларының тiзiлiмi бойынша компьютерлiк базаны актi бойынша өткiзетiн болсын.
3. Медетшi банкiнiң "Қарметкомбинат" МАҚ-ның берешегi бойынша қорытындылары қайта құру процедуралары мен кәсiпорындарды тарату жөнiндегi және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешектерiн сату жөнiндегi мәселелердi шешуде мемлекет мүддесiн бiлдiруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органның құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк басшылығының бекiтуiне жатады жеп белгiленсiн. Бұл ретте Медетшi банкi "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының мiндеттемелерi бойынша қаржылық жауапкершiлiкте болмайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ 2-шi сөйлеммен толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1997.11.17. N 1597 қаулысымен. P971597_
4. 1995 жылғы 17 қарашадағы "Испат Кармет" компаниясының "Қарметкомбинат" МАҚ-ын сатып алу-сату шартының (бұдан әрi - шарт) 3.1.2-тармағында көзделген "Қарметкомбинат" МАҚ-ның кредиторлық берешегiн кредитор кәсiпорындарға ұсынылып отырған тiзбеге сәйкес (1 қосымша, құпия) металл өнiмiн жөнелту арқылы өтеу туралы "Испат Кармет" компаниясының ұсынысына келiсiм берiлсiн.
5. "Қарметкомбинат" МАҚ-ның қарызын өтеу мынадай әдiстердi қолдана отырып жүзеге асырылсын.
Қазақстан Республикасындағы кредиторларға берешектi өтеу:
"Қарметкомбинат" МАҚ-ның кредиторларына берешектi өтегенге дейiн өсiм есептеудi тоқтата тұрып, бюджетке төлем төлеудi 1 жылға дейiн ұзарту;
Медетшi банктiң "Қарметкомбинат" МАҚ-ның берешегiн дисконтпен бiрге сатып алуы арқылы;
құрылысы салынып бiтпеген объектiлердi кредиторлардың меншiгiне беру есебiнен жүргiзiлсiн.
Ресей Федерациясындағы және таяу шетелдiң басқа елдерiндегi кредиторлар үшiн берешектi өтеу;
"Қарметкомбинат" МАҚ-ның кредиторлық берешегiн "Қарметкомбинат" МАҚ-ның немесе "Қарметкомбинат" МАҚ кредиторының қалауынша Қазақстан Республикасындағы болсын, таяу шетелдегi кез-келген басқа елдегi болсын олардың кез-келген қарыз кәсiпорны бойынша акцияларының мемлекеттiк пакетi кемiнде 25 процентiн құрайтын Қазақстан Республикасының кез-келген басқа мемлекеттiк кәсiпорынының не акционерлiк қоғамының дебиторлық берешегiне ауыстыру;
Алыс шетелдегi кредиторлар үшiн берешектi өтеу:
"Қарметкомбинат" МАҚ қарызы сомасының 50 процентiн - металл жөнелту немесе ақша қаражаты;
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.11. N 624
қаулысымен. P010612_
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Медетшi банкпен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiкпен бiрлесе отырып "Қарметкомбинат" МАҚ-ның кредиторларына "Қарметкомбинат" МАҚ-ның осы кәсiпорындарға берешегiн тең келетiн сомада бюджетке төленетiн салық төлемдерiнiң мерзiмiн кейiнге қалдыру туралы мәселенi қарастырсын;
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.11. N 624
қаулысымен. P010612_
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi конкурстар жарияланғанда, саудаластыққа салғанда, сондай-ақ кәсiпорынды басқаруға беру туралы контракт жасасудың немесе сатып алу-сату шарттарына қол қоюдың алдында осы кәсiпорындардың дебиторлық берешегiне мұқият талдау жасасын. Заңды тұлғаның "Қарметкомбинат" МАҚ-ның кредиторы екендiгi анықталған жағдайда контрактiлерде басқарушы фирманың немесе сатып алушының "Қарметкомбинат" МАҚ-нан қарызын талап ету құқығынан бас тартуын және оны өз қаражаты есебiнен өтеудi мойнына алуын көздейтiн болсын.
Мұндай кәсiпорындардың тiзбесi Медетшi банкiмен және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiктiң келiсуiмен айқындалады.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi:
банкiге түскен материалдарға қаржылық, заңдық сараптама жасауға және олар жөнiнде қорытындылар жасауға еңбек шарттары бойынша тартылған мамандарға өзiне көзделген қаражат шегiнде ақы төлеуге рұқсат етсiн;
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.05.11. N 612
қаулысымен. P010612_
9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Медетшi банкiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiкпен келiсе отырып "Қарметкомбинат" МАҚ-ның кредиторлары - құрылыс ұйымдарына - "Қарметкомбинат" МАҚ-ның осы кәсiпорындарға берешегiне тең сомада беруi үшiн аймақтар бойынша құрылысы аяқталмаған объектiлердiң тiзбесiн айқындасын.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесе отырып, Медетшi банкiнiң ұсынысы бойынша тиiстi тексеру актiлерiн Медетшi банкiне өткiзе отырып, мердiгерлердiң "Қарметкомбинат" МАҚ үшiн орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты көлемiн, сондай-ақ олар берген орындалған жұмыстың нақты құнының сомасына тексеру жүргiзсiн.
11. Шарттың 3.1.2-тармағына сәйкес 1995 жылдың мамырынан қазанына дейiн комбинаттың өндiрiсте қаза болған қызметкерлерiнiң отбасылары мен "Қарметкомбинат" МАҚ-нда мүгедек болғандарға 10709447 (он миллион жетi жүз тоғыз мың төрт жүз қырық жетi) теңге сомасындағы бiр жолғы жәрдемақы "Испат Кармет" компаниясының бiрiншi кезектегi қарыздарды өтеуге бөлетiн (2 қосымша) қаражат есебiнен төленедi деп белгiленсiн. <*>
Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.03.
N 1474 қаулысымен. P961474_
12. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Әдiлет министрлiгi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қарметкомбинат" МАҚ-ында жұмыс iстеген жұмысшылар мен қызметшiлерге келтiрiлген зиянның, зақымданудың, сондай-ақ жалақы төлеу жөнiндегi берешектiң орнын толтыру жөнiндегi мәселелер мен басқа да әлеуметтiк мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 маусымдағы N 770 қаулысына 2-қосымша "Қарметкомбинат" мемлекеттiк акционерлiк қоғамында қаза тапқан және мүгедек болып қалған адамдардың тiзiмi, бiр жолғы жәрдемақы төлеу үшiн ___________________________________________________________________ Рет N| Аты-жөнi | Төлем сомасы, теңгемен ___________________________________________________________________ 1. Следьева Н.А. 250.000 2. Фольц Т.И. 1.106.720 3. Веденеева И.Н. 1.125.048 4. Белова Т.Г. 554.017 5. Усик В.А. 625.576 6. Градская Л.Н. 596.737 <*> 7. Трухина С.И. 721.998 (Карпова Л.Б.) 8. Сагирова Ф.С. 372.449 9. Талипова Н.К. 532.354 10. Денисова С.Г. 1.490.472 11. Бабиева Т.И. 2.306.924 12. Хамитов Н.С. 454.460 13. Рачанов Г.Г. 260.930 14. Штеркель А.В. 311.762 Барлығы: 10.709.447 <*> Ескерту. Тiзiмге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.03. N 1474 қаулысымен. P961474_