"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының қарыздарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 маусымдағы N 770 қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
11-тармақтағы "10398 мың (он миллион үш жүз тоқсан сегiз мың) теңге" деген сөздер "10709447 (он миллион жетi жүз тоғыз мың төрт жүз қырық жетi) теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулының "Қарметкомбинат" мемлекеттiк акционерлiк
қоғамында қаза тапқан және мүгедек болып қалған адамдардың тiзiмi, бiржолғы жәрдемақы төлеу үшiн деген 2-қосымшадағы: реттiк нөмiрi 6-шы жолындағы "569.737" деген сан "596.737" деген санмен ауыстырылсын; мына мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "14. Штеркель А.В. 311.762"; "Барлығы" жолындағы "10.397.685" деген сан "10.709.447" деген санмен ауыстырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi