Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттік акционерлік
қоғамының қарыздарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996
жылғы 21 маусымдағы N 770
қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың үшінші, тоғызыншы және он екінші абзацтары алынып
тасталсын;
6-тармақтың екінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын;
8-тармақтың екінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.