Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру және олардың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген заң тәртiбiмен:
"Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорнының кәсiпорындары базасында жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам құрсын /1 қосымша/;
өткiзу актiсiнде кәсiпорынның несие берушiлерi мен борышкерлерiне қатысты барлық мiндеттемелерi бойынша акционерлiк қоғамның құқықтық мұрагерлiгi көзделсiн.
"Долинская, "Шерубай-Нұра" шахталары оларды жабу жөнiндегi жұмысты жүргiзу үшiн "Карағандаликвидшахт" мамандырылған кәсiпорнына берiлсiн.
2. Құрылатын акционерлiк қоғам дәрменсiз борышкер деп танылсын және оны сырттай басқару үшiн И.И. Любимовпен контрактiге қол қоюға Банк Басқармасы Төрағасына сенiм бiлдiре отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы оңалту рәсiмдерi жүргiзiлсiн.
3. 2-қосымшаға сәйкес қарыздар құрылымын бағалау және талдау, олардың өтеу тетiгi мен мерзiмдерiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
акционерлiк қоғамның салық төлеу мерзiмдерiн ұзарту /заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы мен Зейнет қорына төленетiн төлемдерден басқа/, айыппұл шараларын қолданбау мәселелерiн салық заңдарына сәйкес шешсiн;
аталған акционерлiк қоғам үшiн 652,8 млн. /алты жүз елу екi миллион сегiз жүз мың/ теңгенi 1996 жылдың 18 шiлдесiне дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне қайтарымсыз негiзде бөлсiн.<*>
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен келiсiлген, акционерлiк қоғам бойынша бiрiншi кезектегi қайта ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру үшiн алынған қаражаттарды 1996 жылдың 20 шiлдесiне дейiн жiберсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 3-шi абзацына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.11. N 1253
қаулысымен
.
5. Акционерлiк қоғам 1996 жылдың екiншi жарты жылына арналған жұмыстардың бағдарламасын 1996 жылдың 10 тамызына дейiн Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң бекiтуiне берсiн.
6. "Карағандаликвидшахт" мамандырылған кәсiпорны 1996 жылғы 1
тамызға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жою жұмыстарын жүргiзу бағдарламасын тапсырсын.<*>
ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа 6-тармақпен толықтырылды, 6-тармақ
7-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1996.07.24. N 926а
қаулысымен
.
7. Осы қаулының орындалуына және акционерлiк қоғам жұмыстарын үйлестiруге бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi В.В.Храпуновқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 16 шiлдедегi
N 908 қаулысына
1-қосымша
Жабық үлгiдегi акционерлiк қоғам болып қайта
құрылатын және қаржыландыруға жататын
мемлекеттiк кәсiпорындардың
ТIЗБЕСI
"Киров" шахтасы
Горбачев атындағы шахта
Октябрь Революциясының 50 жылдығы атындағы шахта
Байжанов атындағы шахта
"Сабырхан" байыту фабрикасы
ЕСКЕРТУ. Қосымшадан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.07.24. N 926a
қаулысымен
.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 16 шiлдедегi
N 908 қаулысына
2-қосымша
Қарыздар құрылымын бағалау және талдау, оларды
өтеу тетiгi мен мерзiмдерiн белгiлеу жөнiндегi
комиссияның
ҚҰРАМЫ
Розе В.Е. - Меммүлiктi басқару жөнiндегi Қарағанды
аумақтық комитетiнiң төрағасы, Қарағанды
облысы әкiмiнiң орынбасары, комиссия
төрағасы<*>
Қынатов М.П. - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
Медетшi банкi басқармасы төрағасының
бiрiншi орынбасары, төрағаның
орынбасары<*>
Клякин В.В. - Қазақстан Республикасы Энергетика және
көмiр өнеркәсiбi министрiнiң орынбасары,
төраға орынбасары
Комиссия мүшелерi:
Әбдуәлиева Т.В. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және
сауда министрлiгiнiң Экономика,
кәсiпорындарды санациялау және нарықтық
қатынастар бас басқармасының бастығы
Әбиев Б.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Бас салық инспекциясының бөлiм бастығы
Жарылғапов Н. - Қарағанды облысы бойынша кеден
басқармасының бастығы
Мұсәлiмов И.Ғ. - Қарағанды облысы әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары
Нәсенов А.Б. - Қазақстан Экспорт-импорт банкi басқармасы
төрағасының орынбасары
Нүкенов Б. - Қарағанды облыстық салық инспекциясының
бастығы
Рясков Е.Я. - Қазақстан Республикасы Энергетика және
көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң көмiр
және атом өнеркәсiбi жөнiндегi
басқармасының бастығы
ЕСКЕРТУ. Құрамға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.01.14.
N 57
қаулысымен
.