Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулысының 2-қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: қарыздар құрылымын бағалау және талдау, оларды өтеу тетiгi мен мерзiмдерiн белгiлеу жөнiндегi комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн: Розе В.Е. - Меммүлiктi басқару жөнiндегi Қарағанды аумақтық комитетiнiң төрағасы, Қарағанды облысы әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы Қынатов М.П. - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары, төрағаның орынбасары; аталған құрамнан Б.М.Имашев, М.С.Итеғұлов шығарылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 57
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз