Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн ұқсас арзан өнiм шығарудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн бағалары қосылған құнға салынатын салық ставкасының 20 проценттен төмен мөлшерде қолданылуы арқылы қалыптасқан өнiмге кеден органдары кедендiк ресiмдеу кезiндегi ставкалар айырмашылығы бойынша қосылған құнға жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға мiндеттi.
2. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi