Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн өнiмдi кедендiк ресiмдеу кезiнде ставкалардағы айырмашылық бойынша қосылған құнға салық салу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыз N 979. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.23. N 988 қаулысымен. ~P010988

      Қазақстан Республикасының тауар өндiрушiлерiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн ұқсас арзан өнiм шығарудан қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден әкелiнетiн бағалары қосылған құнға салынатын салық ставкасының 20 проценттен төмен мөлшерде қолданылуы арқылы қалыптасқан өнiмге кеден органдары кедендiк ресiмдеу кезiндегi ставкалар айырмашылығы бойынша қосылған құнға жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға мiндеттi.
      2. Осы қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады