1. 2851 (екi мың сегiз жүз елу бiр) млн. теңге, оның iшiнде 1996 жылы 1278 (бiр мың екi жүз жетпiс сегiз) млн, теңге сомасына арналған Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзудiң берiлiп отырған бағдарламасы мақұлдансын. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.31.
N 1715 қаулысымен. P961715_
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996-1998 жылдары бекiтiлген бағдарламаға сәйкес жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Медетшi банкi арқылы "Карагандаликвидшахт" мамандандырылған кәсiпорнына қажеттi қаржы ресурстарын бөлудi қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996 жылдың 15 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне қажеттi есептер мен Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталар өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауапкершiлiкте болатын адамдардың тiзiмiн табыс етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықты
әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1996 жылдың 1 қазанына дейiн Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталар жауапкершiлiкте болатын өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн адамдарға өтем төлемдерi жөнiндегi шығыстарды 1997 жылы және одан кейiнгi жылдары қаржыландыру көздерiн дайындау жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 тамыздағы N 984 қаулысына қосымша Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзудiң БАҒДАРЛАМАСЫ ____________________________________________________________________ Шығындардың атауы барлығы Жылдар бойынша шығындарды игерудiң көлемi ____________________________________________________________________ 1995 1996 1997 1998 ____________________________________________________________________ 1 2 3 4 5 6 ____________________________________________________________________ Барлығы 2851,0 120,0 1278 <*> 995 <*> 458,0 оның iшiнде: Майқұдық шахтасы 477,0 44,3 267,9 164,8 - Северная шахтасы 243,0 4,3 180,8 57,9 - Дубовская шахтасы 357,6 39,4 226,2 92,0 - Топар шахтасы 285,3 17,4 180,9 82,3 4,7 Степная шахтасы 194,3 12,6 132,5 49,2 - Шерубай-Нұра шахтасы 390.6 - 116,1 <*> 177,7 <*> 96,8 Долинская шахтасы 398,0 116,3 <*> 185,2 <*> 96,5 "Карагандалигвидшахт" МК бойынша пайдалану шығыстары 56,0 2,0 18,0 18,0 18,0 Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы шахта (бұрынғы N 37 және N 38 шахталарының бөлiгiнде) 449,2 - 39,3 167,9 242,0 ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.13.31. N 1715 қаулысымен.