Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1715

      Жабылатын шахталарда жою жұмыстарын жүргiзу бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету және Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазан революциясының 50 жылдығы атындағы шахтаның жойылатын бөлiгiнiң мүлiктiк кешенiн заңдарда белгiленген тәртiппен "Карагандаликвидшахт" республикалық мемлекеттiк мамандандырылған кәсiпорнына берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың аяғына дейiн республикалық бюджетте кәсiпорындарды санациялау мен оңалтуға көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы:
      Қарағанды көмiр бассейнiнiң жабылатын шахталарының өмiр немесе денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн өтемдер төлеу, сондай-ақ жалақы бойынша жою өндiрiсi басталғанға дейiн пайда болған берешегiн өтеу бойынша түпкiлiктi есеп айырысу үшiн "Карагандаликвидшахт" республикалық мемлекеттiк мамандандырылған кәсiпорнына 188413,3 мың (бiр жүз сексен сегiз миллион төрт жүз он үш мың үш жүз) теңге сомасындағы қаражатты қосымшаға сәйкес;
      "Карагандашахтуголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына айналыс қаражатын толықтыру үшiн 200 (екi жүз) млн. теңге сомасында және көмiрдi кепiлге берiп, "Арман" және "Абай-Көмiр ЛТД" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiне жабдық сатып алу үшiн 75 (жетпiс бес) млн. теңгеден несие ресурстарын бөлетiн болсын.
      3. Қарағанды облысы бойынша жекешелендiру жөнiндегi комитет "Қарагандашахтуголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына кiретiн шахталардың мүлкiн сату жөнiнде тендер өткiзу шарттарында жаңа меншiк иелерiне 200 (екi жүз) млн. теңге сомасында бөлiнген қаражатты несие келiсiмiнде белгiленген мерзiмдерде қайтаруды ескерсiн.
      4. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1998.07.14. N 666
               қаулысымен. P980666_
      5. "Карагандашахтуголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының құрамына кiретiн Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 қазандағы N 1214 қаулысының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджетте кәсiпорындарды санациялау үшiн көзделген қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiсi арқылы "Карагандашахтуголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына оны оңалтуға қайтарусыз негiзде 286 млн. теңге бөлсiн".
      6. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы

18 желтоқсандағы N 574 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
     7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы
Қаржы-валюта бақылау комитетi осы қаулыға сәйкес бөлiнетiн
қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау орнатсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                          N 1715 қаулысына
                                               қосымша

       Қарағанды көмiр бассейнiнiң жабылатын шахталарының
       жалақы және өмiрге немесе денсаулыққа келтiрiлген зиян
       үшiн өтемдер төлеу бойынша жою өндiрiсi басталғанға
                      дейiн пайда болған
                           БЕРЕШЕГI
___________________________________________________________________
     Шығыстардың атауы            | Барлығы  |Оның iшiнде шахталар
                                  |          |      бойынша:
                                  |          |_____________________
                                  |          |Майқұдық  |Северная
___________________________________________________________________
                1                 |     2    |     3    |    4
___________________________________________________________________
Жалақы қосымша есептерiмен
Барлығы                            244678,1    14080,3    18495,0
Оның iшiнде:
Жалақы, қосымша есептер мен
салықтарды қоспағанда              166174,4    8360,8     9684,1

Бюджеттен тыс төлемдер             53175,7     2675,5     3098,9

Жеке тұлғаларға салынатын
табыс салығы                       25328,0     3044,0     5712,0

Өмiр немесе денсаулыққа
келтiрiлген зиян үшiн өтем төлеу   22238,9     4313,5     5546,9

Жиыны, қосымша есептер мен
салықтарды қоса алғанда            266917,0    18393,8    24041,9

Жиыны, қосымша есептер мен
салықтарды қоспағанда              188413,3    12674,3    15231,0

___________________________________________________________________
 Дубовская    |  Топар   | Шерубай-Нұра | Долинская |Қазан
              |          |              |           |революциясының
              |          |              |           |50 жылдығы
___________________________________________________________________
      5       |    6     |       7      |     8     |      9
___________________________________________________________________
   3199,3       15904,2      17523,5       48806,4     126669,4
   2226,0       10990,3      10284,5       32136,7     92492,0
   712,3        3516,9       3291,0        10283,7     29597,4
   261,0        1397,0       3948,0        6386,0      4580,0
     -          3226,5       787,0         1065,0      7300,0
   3199,3       19130,7      18310,5       49871,4     133969,4
   2266,0       14216,8      11071,5       33201,7     99792,0 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады