1. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының республикалық бюджеттiң кiрiсiне жататын 80 000 000 (сексен миллион) теңге сомасындағы "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң берешегiне және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң байланыс бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының алдындағы берешегiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң республикалық бюджетке 80 000 000 (сексен миллион) теңге, оның iшiнде герман кредит желiсi бойынша 72 000 000 (жетпiс екi миллион) теңге, директивтiк кредит бойынша 8 000 000 (сегiз миллион) теңге сомасындағы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң қосымшаға сәйкес байланыс бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясына берешектi өтеу есебiне есептеме жүргiзсiн.
3. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi жүргiзiлген
есептеменi ескере отырып, соған "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi мен "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының арасында бұрын жасалған шартты сәйкестiкке келтiрсiн. 4. Бюджеттiк қарыздар бойынша аталған есептеменi 1996 жылға арналған бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 14 тамыздағы N 1009 қаулысына қосымша Байланыс бойынша көрсетiлген қызмет үшiн берешектердi есепке алу жүзеге асырылатын республикалық бюджеттiк мекемелердiң ТIЗБЕСI ___________________________________________________________________ | Берешектiк Министрлiктер мен ведомстволардың атауы | сомасы, теңге ________________________________________________|__________________ Қазақстан Республикасының Парламентi 14 630 970 Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 1 000 000 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты 41 144 058 Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 247 664 Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы 5 326 920 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгi 15 865 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы 442 996 Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1 780 253 Қазақстан Республикасының мәдениет министрлiгi 589 228 Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi 25 781 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi 3 746 344 Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi 306 746 Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi 301 410 Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi 213 682 Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетi 130 058 Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 267 637 Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1 285 835 Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi 2 552 891 Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 55 000 Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 80 428 Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi 94 916 Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 121 904 Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1 323 115 Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi 247 688 Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 745 080 Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 579 934 Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 2 610 514 Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi комитетi 134 083 ___________________________________________________________________ ЖИЫНТЫҒЫ: 80 000 000