Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 14 тамыз N 1009

      Кәсiпорындардың бюджет алдындағы пайда болған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының республикалық бюджеттiң кiрiсiне жататын 80 000 000 (сексен миллион) теңге сомасындағы "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң берешегiне және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң байланыс бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының алдындағы берешегiне есептеме жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгiнiң республикалық бюджетке 80 000 000 (сексен миллион) теңге, оның iшiнде герман кредит желiсi бойынша 72 000 000 (жетпiс екi миллион) теңге, директивтiк кредит бойынша 8 000 000 (сегiз миллион) теңге сомасындағы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердiң қосымшаға сәйкес байланыс бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясына берешектi өтеу есебiне есептеме жүргiзсiн.
      3. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестiгi жүргiзiлген

есептеменi ескере отырып, соған "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық
бiрлестiгi мен "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының
арасында бұрын жасалған шартты сәйкестiкке келтiрсiн.
     4. Бюджеттiк қарыздар бойынша аталған есептеменi 1996 жылға
арналған бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып
жүргiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 14 тамыздағы
                                          N 1009 қаулысына
                                              қосымша

             Байланыс бойынша көрсетiлген қызмет үшiн
            берешектердi есепке алу жүзеге асырылатын
               республикалық бюджеттiк мекемелердiң
                             ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
                                                |    Берешектiк
     Министрлiктер мен ведомстволардың атауы    |  сомасы, теңге
________________________________________________|__________________

Қазақстан Республикасының Парламентi                14 630 970
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрлiгi                                          1 000 000
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты          41 144 058
Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi                                     247 664
Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы          5 326 920
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы
жөнiндегi агенттiгi                                     15 865
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы                                       442 996
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi                       1 780 253
Қазақстан Республикасының мәдениет министрлiгi         589 228
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш
агенттiгi                                               25 781
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi       3 746 344
Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
өнеркәсiбi министрлiгi                                 306 746
Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм
және спорт министрлiгi                                 301 410
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi            213 682
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi
жөнiндегi комитетi                                     130 058
Қазақстан Республикасының Геология және жер
қойнауын қорғау министрлiгi                            267 637
Қазақстан Республикасының Баға және монополияға
қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi          1 285 835
Қазақстан Республикасының Баспасөз және
бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық
агенттiгi                                            2 552 891
Қазақстан Республикасының ТМД елдерiмен
ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi            55 000
Қазақстан Республикасының Жер қатынастары
және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi                                                80 428
Қазақстан Республикасының Стандарттау,
метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi        94 916
Қазақстан Республикасының Экология және
биоресурстар министрлiгi                               121 904
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгi                                          1 323 115
Қазақстан Республикасының Су ресурстары
жөнiндегi комитетi                                     247 688
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi           745 080
Қазақстан Республикасының Энергетика және
көмiр өнеркәсiбi министрлiгi                           579 934
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi      2 610 514
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты
қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау
жөнiндегi комитетi                                     134 083
___________________________________________________________________
   ЖИЫНТЫҒЫ:                                        80 000 000 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады