1. Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық Академиясы құрылып, оған дипломатиялық қызмет кадрларының бiлiктiлiгiн арттыру жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Дипломатиялық Академиясының Жарғысы мен құрылымын бекiтсiн, мамандықтар тiзбесi мен профессор-оқытушылар құрамының санын белгiлесiн, сонымен бiрге:
оның құрамында Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық ақпаратында және оның шет елдердегi мекемелерiнде жұмыс iстеп жүргендердiң iшiнен орташа дипломатиялық құрамның кадрларын қайта даярлаудың екi жылдық бөлiмiн ашуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Төтенше және өкiлеттi Елшiлерiне арналған қысқа мерзiмдiк (үш айға дейiнгi) курстарда бiлiктiлiк арттыруды көздесiн.
3. Ректордың лауазымы медициналық және тұрмыстық қамтамасыз ету, көлiк қызметiн көрсету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi орынбасарының лауазымына, ал проректорлардың лауазымы - Қазақстан Республикасының Сыртқы министрлiгi бас басқармасы бастығының лауазымына теңдестiрiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Экономика министрлiгi 1997 жылдан бастап:
- Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Жоғары дипломатиялық мектебiн ұстау үшiн республикалық бюджеттен қаржы бөлiнуiн көздесiн;
<*>
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясының профессор-оқытушылар құрамына және басқа да қызметкерлерiне "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 қаулысында көзделген, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясының басшы және профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы ставкаларына және лауазымдық жалақыларына, сондай-ақ оқу сабақтарын жүргiзгенi үшiн әрбiр сағаттық төлем ставкаларына 1,75 өсiру коэффициентiн белгiлеп, еңбекақы төлеу шарттарын қолдансын. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 3 абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1997.02.06.
N 170 қаулысымен. P970170_
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.28. N 281
қаулысымен. P970281_
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясының тыңдаушыларына олардың бұрынғы жұмыс орнында алған еңбекақысы деңгейiнде, бiрақ жоғары оқу орындарында өндiрiстен қол үзiп оқитын аспиранттарға белгiленген стипендия мөлшерiнен кем емес стипендия мөлшерiн тағайындасын.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясының тыңдаушылары оны бiтiргеннен кейiн белгiленген үлгiдегi екiншi жоғары арнаулы бiлiм туралы диплом, сондай-ақ бiлiктiлiгiн арттырғандығы туралы куәлiк алады.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясына 3 бiрлiк санында қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.28.
N 281 қаулысымен.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясын орналастыру үшiн оның қызметiнiң ерекшелiктерiн ескере
отырып тиiстi үй-жай бөлетiн болсын. 9. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясы 1997 жылы тыңдаушылардың алғашқы тобын қабылдауды жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi