Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 қыркүйектегi N 1102 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 28 ақпандағы N 281

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Жоғары дипломатиялық мектебiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 10 қыркүйектегi N 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 36, 347-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      атауындағы және мәтiндегi "Жоғары дипломатиялық мектебiн", "Жоғары дипломатиялық мектебiнiң" деген сөздер "Дипломатиялық Академиясын", "Дипломатиялық Академиясының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясының профессор-оқытушылар құрамына және басқа да қызметкерлерiне "Қазақстан Республикасында еңбекақы төлеудi ұйымдастыруды жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 ақпандағы N 170 P970170_ қаулысында көзделген, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Дипломатиялық Академиясының басшы және профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы ставкаларына және лауазымдық жалақыларына, сондай-ақ оқу сабақтарын жүргiзгенi үшiн әрбiр сағаттық төлем ставкаларына 1,75 өсiру коэффициентiн белгiлеп, еңбекақы төлеу шарттарын қолдансын";
      7-тармақтағы "2" саны "3" санымен ауыстырылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады