Бұл облыс басшыларының аймақ кәсiпорындарының қызметiне бақылау жасаудан өз бетiнше шеттеуiнен, салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдердiң, Зейнетақы қорына қаржылардың уақтылы алынуына бақылауды босаңсытуынан және ойластырылмаған тариф саясатынан туындап отыр.
Үстiмiздегi жылдың бiрiншi жартыжылдығында 53,5 млрд. теңгенiң өнеркәсiп өнiмi өндiрiлдi, өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда оның көлемi 18,5 процентке қысқарды, ал тұтынушылар нарығына жұмыс iстейтiн салаларда өндiрiс көлемi 40,9 процентке кемiдi, бұл аймақтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайына терiс әсерiн тигiздi.
Мыналарды атап айтқан жөн: 1995 жылы "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамының бюджетке төленетiн негiзгi төлемдер бойынша бюджетке түскенi: жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы - 144,6 млн. теңге, жер салығы - 0,7 млн. теңге, Жер қойнауын қорғау қорына аударымдар - 0,3 млн теңге, бұған қоса қосылған құнға салынатын салық 6,5 млн. теңге сомасында есептелдi, ал үстiмiздегi жылдың 1 маусымына қарай жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы 154,0 млн. теңге сомасында, жер салығы - 3,0 млн. теңге сомасында түстi, Жер қойнауын қорғау қорына - 6,0 млн. теңге, Табиғат қорғау қорына 27,7 млн. теңге аударылды, көлiк салығы - 3,0 млн. теңге, мүлiкке салынатын салық - 37,6 млн. теңге болды, қосылған құнға салынатын салық 53,3 млн. теңге сомасында басқа төлемдер есебiне есептелдi.
Үстiмiздегi жылдың жетi айында салықтар мен төлемдер жинау жөнiндегi жоспар 57,7 процентке орындалды, 5 млрд. теңгедей сома бюджетке түспей қалды.
Үстiмiздегi жылдың 1 тамызына қарай салықтар бойынша жетiмсiздiк 4150,5 млн. теңгенi құрады.
Облыс әкiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң аймақтың экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған:
"Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар Жоспары туралы" 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1110;
"Жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шаралары туралы 1996 жылғы 24 маусымдағы N 776;
"Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 908 қаулыларын толық мөлшерде орындамады.
Жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеу жөнiндегi берешектi өтеуге республикалық бюджеттен жалпы сомасы 550 млн. теңге қаражат бөлiндi, оның iшiнде зейнетақы төлеу жөнiндегi берешектi өтеуге "Бюджеттiк ұйымдардың Зейнетақы қорына берешектерiн өтеу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 мамырдағы N 627 қаулысына сәйкес Қарағанды облысына 120 млн. теңге бөлiнген болатын.
Қаржы-шаруашылық сауықтыру және Қарағанды облысында қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Қарағанды облысының әкiмi (П.П.Нефедов):
бюджеттiң кiрiс бөлiгiн орындау, жалақы, зейнетақы төлеу жөнiндегi берешектi жою, алымның толық алынуын және Зейнетақы қорының мақсатқа сай жұмсалуы жөнiндегi кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде шұғыл шаралар қабылдасын;
жылу электр энергиясын тұтынушылардың облыстың энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының алдындағы берешегiн азайту мақсатында "Республикалық және жергiлiктi бюджеттерде тұратын мекемелердiң ұйымдарға (берушiлерге) пайда болған берешектерiн, оларды соңғыларының бюджетке төленетiн төлемдер берешектерiн өтеуi есебiне есептеу арқылы өтеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 7 шiлдедегi N 719 P960719_ қаулысында көзделген ресiмдердi сақтай отырып, өзара қарыздарға есептеу жүргiзсiн;
Қарағанды облысының жеңiл өнеркәсiбi кәсiпорындарының басшыларымен бiрлесiп оларды қаржылық сауықтыру мақсатында, осы кәсiпорындардың "Жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" 1996 жылғы 24 маусымдағы N 776 P960776_ қаулысына сәйкес тендерге қатысуы мәселесiн пысықтасын;
облыстық салық қызметiнiң басшыларына бюджеттерге негiзгi төлемдер бойынша алынбай қалған сомаларды қысқарту жөнiндегi жеке жауапкершiлiктi жүктесiн және жергiлiктi салықтар жөнiндегi жоспарланған көрсеткiштердiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
үстiмiздегi жылдың 15 тамызына дейiн әлеуметтiк сала мен тұрғын үй қорының жергiлiктi бюджеттер балансына берiлген объектiлерiн ұстау үшiн 1996 жылдың 1 қарашасына дейiнгi мерзiмде өтейтiн етiп 200,0 млн. теңге сомасында бюджеттiк несие бөлсiн;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы:
- 1996 жылдың 20 қыркүйегiне дейiн "Қарағандырезинотехника" акционерлiк қоғамына (екiншi транш) - 260,0 млн. теңге;
- "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамынан алынған сомадан зардаптарды жою жұмыстары мен еңбек ақы төлеу үшiн "Испат-Кармет" акционерлiк қоғамына кiрмеген Майқұдық, Северная, Дубовская, Топар және Степная шахталарына 1996 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн 305,0 млн. теңге бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, мемлекеттiк Медетшi банкi Қарағанды облысының кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiнде қабылданған Үкiмет шешiмдерiн қалтқысыз орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдап, 1996 жылдың 30 қыркүйегiне дейiн Үкiметке баяндасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi