Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.12 N 439 Қаулысымен.
Жапония Үкiметiмен және оның iскер топтарымен экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыстарды жандандыру, Жапонияға үкiмет делегациясының сапары барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi практикалық шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-жапон үкiметаралық комитетiнiң қазақстандық бөлiгi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-жапония үкiметаралық комитетiнiң қызметiне Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жауапты деп белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымын жасау кезiнде орталық аппарат қызметкерлерiнiң белгiленген саны шегiнде дербес бөлiм құруды көздесiн, оған экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi қазақстан-жапон комитетi хатшылығының функциясын жүктесiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп (Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiмен байланыса отырып) 1996 жылдың 1 желтоқсанына дейiн 1997 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет аппаратының құрылымында Жапония Үкiметi мен оның қаржы ұйымдары тарапынан ресми даму көмегiн қолдау жөнiндегi сектор болуын көздесiн.
5. Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшiлiгiнiң саны мен құрылымын айқындау кезiнде Елшiлiк құрамында Жапония мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөнiнде арнаулы бюро құруды көздесiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 15 қарашадағы
N 1392 қаулысына
қосымша
Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi
қазақстан-жапон комитетiнiң
ҚҰРАМЫ
Шүкеев Ө.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрi, төраға
Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрiнiң бiрiншi орынбасары,
төрағаның орынбасары
Храпунов В.В. - Қазақстан Республикасының Энергетика
және көмiр өнеркәсiбi министрi
Балғымбаев Н.Ө. - Қазақстан Республикасының Мұнай және
газ өнеркәсiбi министрi
Оспанов Х.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
және сауда министрi
Дәукеев С.Ж. - Қазақстан Республикасының Геология
министрi
Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң төрағасы
Iзтiлеуов Б.I. - Қазақстан Эксимбанкiнiң төрағасы
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары
Сәйденов А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Қанапиянов С.М. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Аппараты Сыртқы байланыстар
бөлiмiнiң меңгерушiсi