Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1392 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 мамырдағы N 439 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 458 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 458 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қазандағы N 972  қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізуге жауапты Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының тізбесінде:
      "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген 5-бөлім мынадай мазмұндағы 19-1 және 19-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "19-1. Қазақстан-катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясы.
      19-2. "Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ" ынтымақтастық кеңесі.";

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" деген 10-бөлімде 39-тармақ алынып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі" деген 13-бөлімде 55-тармақ алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" деген 16-бөлімде:

      66-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 66-1-тармақпен толықтырылсын:

      "66-1. Қазақстан-италия өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы.";
      "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" деген 17-бөлімде:

      70-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:

      "79-1. Қазақстан-жапон экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі комитет.".

      2. "Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастықты тереңдету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 15 қарашадағы N 1392  қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады