"Жылжымайтын мүлiкке құқықтары және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38,
493-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
9-тармақтың 10-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету";
10-тармақтың 14-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен
толықтырылсын:
"жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады".
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi