Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қараша N 1393. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.01. N 450 қаулысымен. ~P970450

      "Жылжымайтын мүлiкке құқықтары және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 U952727_ Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi туралы Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 38,

 

493-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

     9-тармақтың 10-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен

толықтырылсын:

     "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын

мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету";

     10-тармақтың 14-тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен

толықтырылсын:

     "жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын

мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады".


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады