1. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1996 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде оны қаржылық-экономикалық сауықтыру үшiн қажеттi Рудный ЖЭО-нiң инвестициялық мұқтаждығын айқындасын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңмен белгiленген тәртiпте Рудный ЖЭО-нiң мүлiктiк кешенiн, тендер шарттарында ЖЭО-нiң жалақы төлеу, бюджет пен әлеуметтiк қорларға төлемдер жөнiндегi борыштарды өтеуге қатысты мiндеттемелерi бойынша құқықтық қабылдаушылықты қарастырып тендерде сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөздер мен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.29.
N 683 қаулысымен. P960683_
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңмен белгiленген тәртiпте, Қостанай облысының әкiмi мен жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттiң қатысуымен Рудный ЖЭО-нiң мүлiктiк кешенiн сату жөнiнде тендер ұйымдастырсын және өткiзсiн.
4. Қостанай облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, екi апта мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Рудный жылу электр орталығының басқа мiндеттемелерi бойынша құқықтық
мұрагерiн белгiлесiн. <*> ЕСКЕРТУ. Қаулы 4-тармақпен толықтырылды, 4-тармақ 5-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.04.29. N 683 қаулысымен. P970683_ 5. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi