Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 1565 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 29 сәуiр N 683

      Рудный жылу электр орталығын жекешелендiрудi жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Рудный ЖЭО-ның мүлiктiк кешенiн жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 1565 P961565_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2-тармақ "шарттарында ЖЭО-ның" деген сөздерден кейiн "жалақы төлеу, бюджет пен әлеуметтiк қорларға төлемдер жөнiндегi борыштарды өтеуге қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Қостанай облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, екi апта мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Рудный жылу электр орталығының басқа мiндеттемелерi бойынша құқықтық мұрагерiн белгiлесiн";
      4-тармақ 5-тармақ болып есептелсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады