Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша берешектi есептеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 маусым N 683

      "Астана дәрi" акционерлiк қоғамының Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Астана дәрi" акционерлiк қоғамының Европалық Қоғамдастық Комиссиясының кредитi бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы 7,2 млн. (жетi миллион екi жүз мың) теңге берешегiнiң бiр бөлiгiн олар "Астана дәрi" акционерлiк қоғамы ұйымынан қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес алған дәрiлiк препараттар үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық

сақтау министрлiгiнiң республикалық емдеу мекемелерiн
қаржыландырудың есебiне есептеу жүргiзсiн.
     2. Берешектi есептеу аталған соманы республикалық бюджеттiң
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiп жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 3 маусымдағы
                                          N 683 қаулысына
                                             қосымша 
     
         Республикалық емдеу мекемелерiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегi
         жағдай бойынша "Астана-дәрi" акционерлiк қоғамының есебiне
                        қабылданатын берешегi
     _______________________________________________________________
     Дәрiхананың і           Ұйымның атауы               і  Сомасы,
       номерi    і                                       і мың теңге
     _______________________________________________________________
      58         Қазақ онкология ғылыми-зерттеу институты       92

     -"-         Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң госпиталi      1521

      64         Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты   1409

      78         Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институты     2050

      65         Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институты      1587

     -"-         Қазақ Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  519
                 емханасы
     -"-         Республикалық стоматологиялық емхана             7

     -"-         Республикалық консультациялық емхана            15

                 Барлығы                                       7200 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады