1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде қосымшаға сәйкес 100 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне Министрдiң
3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ 13 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1792 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1639 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жоғары бiлiм және ғылым бас басқармасы Экономика және қаржы бас басқармасы Орта бiлiм басқармасы Талдау және ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы Инспекциялау басқармасы Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Заң және арнаулы жұмыс бөлiмi Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру секторы Тәрбие әдiстемесi секторы