Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1639. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.14. N 559 қаулысымен. ~P970559

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде қосымшаға сәйкес 100 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне Министрдiң

3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ 13 адамнан
тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық аппараты
үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi орталық
аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1792 қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                    Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                      N 1639 қаулысына
                                          қосымша

           Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi
                     орталық аппаратының
                          ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Жоғары бiлiм және ғылым бас басқармасы
     Экономика және қаржы бас басқармасы
     Орта бiлiм басқармасы
     Талдау және ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы
     Инспекциялау басқармасы
     Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
     Заң және арнаулы жұмыс бөлiмi
     Мемлекеттiк және басқа тiлдердi дамытуды үйлестiру секторы
     Тәрбие әдiстемесi секторы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады