1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 86 адам болып бекiтiлсiн.
2, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1791 P951791_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1650 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Емдеу-профилактикалық көмек және денсаулық сақтауды реформалау Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы Экономика басқармасы Ғылым, бiлiм, кадр жұмысы және сыртқы байланыстар басқармасы Дәрiлiк қамтамасыз ету басқармасы Жалпы бөлiм