1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi санының негiзiнде 120 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 11 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қазандағы N 1104 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1791 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлiгi орталық аппаратының Құрылымы Басшылық Емдеу-профилактика бас басқармасы Денсаулық сақтау реформасы, талдама және болжам басқармасы Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бас басқармасы Ғылым, бiлiм және кадр жұмысы бөлiмi Денсаулық сақтаудағы экономика бас басқармасы Медицина және фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту бөлiмi Дәрiмен қамтамасыз ету бөлiмi Дәрiлiк заттарды және медициналық техникаға бақылау және сертификаттау бөлiмi Жалпы бөлiм