N 1502 P961502_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996ж., N 51, 490-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 485 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI
1. "Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясын ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 17 сәуiрдегi N 240 қаулысы (Қаз ССР ҚЖ, 1991 ж., N 11, 73-құжат).
2. "Одақтық және республикалық бағыныстағы ғылыми-зерттеу мекемелерiн Қазақ ауыл шаруашылығы ғылым академиясының құрамына беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 9 қаңтардағы N 15 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 1, 13-құжат).
3. "Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын Арал өңiрi агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты етiп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 21 наурыздағы N 310 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 10, 115-құжат).
4. "Шығыс Қазақстан Ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 наурыздағы N 378 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 11, 131-құжат).
5. "Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 5 мамырдағы N 626 қаулысының 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 189-құжат).