1997 жылға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 539 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған 1997 жылға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Бiлiм және мәдениет министрлiгiмен, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып дара кәсiпкерлiктi, орташа және шағын бизнестi дамыту үшiн жұмыссыздарды жаңа кәсiптер мен мамандықтар бойынша даярлауға айрықша көңiл аударып, қайта оқытуды ұйымдастырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп Бағдарламаны орындауды ұйымдастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп 1997 жылдың желтоқсанында 1998 жылға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 11 сәуiрдегi
                                          N 539 қаулысымен
                                             бекiтiлген

                1997 жылға арналған халықты жұмыспен
                        қамту бағдарламасы

      Бағдарламаның мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен азаматтарды жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғаудың стратегиясын дамыту болып табылады. 
      Бағдарламаның басымдықтары мен болжамдық параметрлерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 13 желтоқсандағы N 2680  Жарлығымен  бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасының (бұдан әрi - Үкiмет Бағдарламасы), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 1161 қаулысымен бекiтiлген 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтi жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 мамырдағы N 631  қаулысымен  мақұлданған халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясаты тұжырымдамасының (бұдан әрi - Жұмыспен қамту тұжырымдамасы), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi әзiрлеген еңбек рыногындағы ахуалды талдау мен болжаудың негiзiнде айқындалды. 

          I. 1997 жылға арналған жұмыспен қамтудың болжамы

      1997 жылы мақсаты мен мiндеттерi Үкiметтiң Бағдарламасындай айқындалған жалпы экономикалық стратегияларды жүзеге асыру жалғастырылатын болады. Еңбек рыногындағы ахуал қаржы-экономикалық және әлеуметтiк салаларда атқарушы өкiмет органдары жүргiзетiн шаралармен айқындалады. 
      Экономикадағы жалғасып отырған дағдарысты құбылыс пен қаржылық қаражаттардың жетiспеушiлiгi олардың көбiн банкроттықтың шегiне қоятын ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiнiң тұрақтануына керi ықпал ететiн болады. 
      Жұмыс күштерiн босату процесi жалғасуда. 
      Босағандардың саны 300 мың адамнан асуы мүмкiн, ал ұзақ жұмыссыздардың саны олардың жалпы санының 15 процентiне жетедi деп ұйғарылуда. 
      1997 жылы салалық та, аймақтық та тұрғыда, ең алдымен Жезқазған, Қостанай, Семей, Талдықорған облыстары мен Алматы қаласында қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерiнiң қарқыны артуы мүмкiн. 
      Жасырын жұмыссыздықтың ашық жұмыссыздыққа iшiнара ауысу процесi жалғасады, оның нәтижесiнде республика бойынша тұтастай алғанда қызметкерлердiң 15 - 20 процентi босауы мүмкiн. 
      Экономиканың салаларында жұмыс iстеушiлердiң саны 1997 жылы 1996 жылмен салыстырғанда 0,2 процентке қысқаруы мүмкiн, сөйтiп ол 6 265 мың адамды құрайды. Қысқару материалдық өндiрiс салаларында да, өндiрiстiк емес салаларда да болжалып отыр. 
      Жұмыспен қамту саласындағы жағдай еңбек рыногындағы ахуалдың ушығуына ықпал ететiн село жастарының қалаға ағылуын тереңдете түседi. 
      1997 жылы еңбек рыногы мынадай факторлардың: 
      өндiрiстi құрылымдық қайта құрудың: жекешелендiрудiң, банкроттықтың, қайта бейiмдеудiң; 
      экономикалық тиiмдiлердi сақтаудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың ауқымы тәуелдi болатын инвестициялық мүмкiндiктердiң; 
      қызметкерлердi ұйымдардан босату процестерi жалғасуының; 
      село тұрғындарының, әсiресе жастардың қалаға ағылуының өсуiнiң ықпал етуiмен қалыптасатын болады. 
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң бағалаулары бойынша 1997 жылы жұмыссыздық деңгейiнiң неғұрлым жоғары тұрғысы Қызылорда және Атырау облыстарында сақталады, жұмыссыздықтың жоғары деңгейi Солтүстiк Қазақстан, Семей, Батыс Қазақстан, Торғай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Жезқазған облыстарында болуы мүмкiн болады. Бұл көрсеткiштiң төмен деңгейi Қарағанды облысы мен Алматы қаласында күтiлуде. 
      Әйелдердi, жастарды, зейнеткерлiктiң алдындағы жастардағы адамдарды, халықтың еңбек рыногындағы басқа да аз бәсекелестi жiктерiн жұмысқа орналастыру проблемасы бұрынғысынша өткiр тұратын болады. Тұрғын үй рыногының болмауынан қозғалымдықтың төмендiгiнiң, жұмыс күшiне сұраныс пен оны ұсынудың арасындағы сәйкессiздiктiң артуының салдарынан ұзақ жұмыссыздар жiктерiнiң қалыптасу процесi күшейедi. 
      Еңбек рыногында жұмыс күшiн ұсыну өсетiн болады және ол 2,5 млн. адамды құрайды. 
      Көзделiп отырған шағын және орташа бизнестi қолдау жөнiнде белсендi шаралар жүргiзу қосымша 100 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкiндiк бередi. Алайда, инвестициялардың шектеулiлiгiне орай жұмыссыздықтың өсуiн айтарлықтай тоқтату мүмкiн болмайды. 
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң болжамы бойынша 1997 жылы жұмыспен қамту қызметiне 750 мыңға жуық адам өтiнiш жасай алады. Олардың 150 мыңы еңбекке орналастырылады, ал 600 мың адам немесе экономикалық белсендi халықтың 8,7 процентi жұмыссыз мәртебесiн алады. 

            II. Жұмыспен қамту саясатының 1997 жылғы
                          негiзгi бағыттары  

      Үкiметтiң Бағдарламасына және Жұмыспен қамту тұжырымдамасына сәйкес жұмыспен қамту саясатының 1997 жылға арналған негiзгi бағыттары болып мыналар айқындалды: 
      еңбек заңдарын өзгерту және толықтыру жолымен жұмыспен қамту мен еңбек қатынастарын құқықтық реттеу жүйелерiн жетiлдiру; 
      жаңа өндiрiстердi құрудың, перспективасы жоқтарын қайта құрудың негiзiнде экономиканың салалық құрылымдарын жетiлдiру; 
      қосымша жұмыс орындарын, оның iшiнде шетел капиталын тартудың есебiнен құратын шағын және орташа жеке кәсiпкерлiктi дамытуға қолдау көрсету және белсендi түрде ынталандыру; 
      экономикадағы құрылымдық өзгерiстердi ескере отырып еңбек рыногында қалыптасқан ахуалдарға қатысты кәсiптiк бiлiм берудiң алға озып шығуы; 
      қоғамдық жұмыстар ұйымдарын тұрғын үй және жол құрылысына қайта бағдарлау; 
      еңбек рыногының басты қатысушыларының (мемлекет, жұмыс берушiлер және қызметкерлер) жұмыспен қамтудың кепiлдiгiн қамтамасыз етудегi, еңбекке ақы төлеу, оның шарттары мен режимдерi мәселелерiн шешудегi әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн қалыптастыру; 
      жергiлiктi атқарушы органдардың жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешудегi ролiн арттыру; 
      еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың неғұрлым өткiр сәйкессiздiгiн жоюға бағытталған таңдамалы шараларын жүзеге асыру; 
      мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметтерiнiң жұмыспен қамту мен еңбек рыногын ретке келтiру мәселелерiндегi жұмыс берушiлермен және кәсiподақтармен одан әрi интеграциялау. 
      Жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудың негiзгi тұтқалары мыналар болуы тиiс: 
      ұйымдарды қайта құрудың нәтижесiнде жұмыссыздықтың өсуiне ықпал ететiн факторларды бейтараптандыру, оның iшiнде кәсiби бағдарлау қызметтерiн, босаған қызметкерлердi кәсiптiк оқыту мен қайта даярлауды жан-жақты дамыту; 
      макроэкономикалық стратегия шеңберiнде мемлекеттiк әлеуметтiк саясат жүргiзу; 
      бизнес орталықтар құру жолымен еңбекке қосымшаның келешектi саласы ретiнде кәсiпкерлiкпен өз бетiнше айналысуға, шағын және орташа бизнестi дамытуға, кәсiпкерлiк тәсiлдерге оқыту ресурстарын кеңейтуге ықпал ету; 
      еңбектiң iшкi рыногын қорғау және шетелдiк жұмысшылар мен мамандардың еңбегiн пайдалануды шектеу, экономикалық даму бағдарламалары мен жергiлiктi тұрғындарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және оны қаржыландыру мәнiне шетелдiк фирмалардың қатысуымен келiсiм-шарттарға сараптама жасау; 
      таяу және алыс шетелге жұмыс күшi экспортының келiсiм-шарттық жүйесiн дамытуға ықпал ету; 
      орналастыру аймақтарының экономикалық мүмкiндiктерi мен жағдайларына сүйенiп иммигранттардың санын квоталау. 

         III. Жұмыспен қамту саласында халықты әлеуметтiк 
                     қорғауды қамтамасыз ету  

      1) Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсынысты теңестiру жөнiндегi 
         шаралар 

      Жұмыс берушiлер жұмыс күшiне беретiн сұраныс еңбек рыногының конъюнктурасына айқындаушы ықпал етедi. Қазiргi уақытта жұмыс берушiлердiң негiзгi талаптары аталмыш мамандық бойынша жоғары бiлiктiлiк пен жұмыс тәжiрибесi болып табылады. 
      Жұмыспен қамтылудың төмендеуi материалдық өндiрiстiң көпшiлiк салалары үшiн де, өндiрiстiк емес салаларға да қалыпты жәйт болып табылады. Экономика салалары бойынша алдын ала бағалау бойынша 1997 жылы барлығы 830 мыңнан астам адам жұмысқа қабылданады, ал 1300 мыңнан астам адам босатылады. 
      Өндiрiстi одан әрi қысқарту және кәсiпорындардың болжанып отырған банкроттығы жұмыс күшiне сұраныстың төмендеуiне және ұзақ жұмыссыздықтың артуына әкеп соқтырады. 
      Аталған кезеңде мүмкiн болатын ахуалды болдырмау мынадай шаралардың: 
      экономикалық мақсатты жұмыс орындарының санын сақтау және және қосымша жұмыс орындарын құру; 
      жұмыс уақытының жұмыс орнының санын арттырмастан жұмыспен қамтуды арттыруға мүмкiндiк беретiн оралымды режимдерiн пайдалану; 
      еңбек рыногының қажеттерiн ескере отырып жұмыспен қамтылмаған халықты оған даярлау және қайта оқыту; 
      жұмыс күшiн сала iшiнде қайта бөлу және өндiрiстi диверсификациялау арқылы жаппай босатудың салдарын жұмсарту;
      қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру көмегiмен мемлекеттiң еңбек рыногына реттеушiлiк ықпалын күшейту көзделедi.

      2) Азаматтарды еңбекке орналастыруға жәрдемдесу

      Азаматтардың жұмыс iздеу уақытын қысқарту, жұмыс берушiлермен олар жұмыспен қамту орталықтарына мәлiмдеген сандарды арттыру жөнiнде өзара iс-қимылды күшейту мақсатында жұмыспен қамту қызметi мынадай қызметтердi:
      азаматтарды еңбекке орналастырудың мүмкiндiктерi туралы хабарландыруды;
      азаматқа жұмыстың әр түрлi нысандары мен түрлерiн таңдау мүмкiндiгiн берудi;
      қолайлы жұмыс орнын iрiктеудi;
      жұмыссыздарды оқытуды және қайта оқытуды;
      жұмыс iздеуде қиындық көрген азаматтарға консультациялар берудi;
      қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды;
      жұмыссыздарға өз iсiн ұйымдастыруға жәрдемдесудi жалғастыратын болады.
      Жұмыспен қамту қызметiнiң көмегiмен 150 мың адамға, оның iшiнде бiлiм беру жүйесi оқу орындарының (жоғары оқу орындарының, колледждердiң, лицейлердiң, кәсiптiк-техникалық мектептердiң, барлық үлгiлердегi және атаулардағы жалпы бiлiм беретiн мектептердiң) 36 мың бiтiрушiлерiне жұмыс беру ұйғарылуда. 

      3) Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау, олардың бiлiктiлiгiн 
         көтеру және қайта даярлау 

      1997 жылы 30 мың жұмыссыз адамның шегiнде кәсiптiк даярлыққа, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жiберу ұйғарылуда. 
      Бұл ретте басымдық 20 жасқа дейiнгi жұмыс iстемейтiн жастарға, әйелдерге, еңбекке қабiлеттi мүгедектерге және халықтың басқа да әлеуметтiк әлсiз санаттарына берiлетiн болады. 
      Осы мақсатта: 
      мүдделi министрлiктермен бiрлесiп экономиканың жекелеген салаларын дамытудың, өндiрiстi кеңейту мен қайта бейiмдеудiң, өнiм мен қызмет көрсетудiң жаңа түрлерiн игерудiң басымдықтарын ескере отырып бiлiктi мамандарды даярлаудың қажеттiлiгiн айқындаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеуге қатысу; 
      оқу-курстық желiлердiң, оның iшiнде жоғары оқу орындарының, арнаулы орта оқу орындарының, кәсiптiк-техникалық мектептердiң компьютерлiк ақпараттық анықтамалық оқу-курстық желiлерiн құру жөнiндегi, сондай-ақ еңбек рыногына неғұрлым талап етiлетiн жаңа қажеттi кәсiптер мен мамандықтар туралы жұмыстарды ұйымдастыру жолымен жұмыссыздар үшiн, әсiресе халықтың әлеуметтiк әлсiз жiктерi үшiн кәсiптiк бағдарлау қызметтерiн кеңейту; 
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мүдделi министрлiктерiмен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы шарттарының негiзiнде жұмыссыздарға және жұмыспен қамтылған халыққа кәсiби бағдар берудi және оларды кәсiптiк оқытуды үйлестiрудi және оған әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыру; 
      аймақтық қолдау көрсету және кәсiпкерлiктi дамыту орталықтарымен ынтымақтастықта шағын және орташа бизнес саласы, кәсiпкерлiк және дара еңбекпен айналысу үшiн жұмыссыздарды кәсiптiк-даярлауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жандандыру; 
      жергiлiктi жұмыспен қамту органдары мен жұмыс берушілердiң өтiнiшi бойынша Республикалық запасқа босатылған әскери қызметшiлер мен жұмыссыздарды оқыту орталығының (Алматы облысындағы Түрген селосы) базасында ауыл шаруашылығы бейiнiндегi кәсiптер мен мамандықтар бойынша оқытуды ұйымдастыру; 
      Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi Бүкiләлемдiк Банктiң жұмыссыздарды, әсiресе әйелдердi Алматы қаласында, Алматы, Павлодар, Оңтүстiк Қазақстан облыстарында бизнестiң негiздерiне, жұмыс iздеу дағдысына оқыту жөнiндегi жобасын жүзеге асыруға жәрдем көрсету; 
      ұйымдарға босаған қызметкерлердi қайта оқытуды және оларды жаңадан құрылған жұмыс орындары мен бар қызмет орындарына орналастыруды жүзеге асыруда пәрмендi көмек көрсету көзделедi. 

      4) Жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу, өзiн-өзi 
         жұмыспен қамтуды, кәсiпкерлiктi және шағын 
         бизнестi ынталандыру 

      Жұмыс орындарын құру, өзiн-өзi жұмыспен қамтуды, кәсiпкерлiктi және шағын бизнестi ынталандыру әсiресе перспективалы салалар мен қызмет көрсету саласында орынды. 
      Осы мiндеттi шешу мақсатында: 
      - жұмыссыздар үшiн жұмыс орындарын құру жүйелерiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдау; 
      Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының (бұдан әрi - Жұмыспен қамту қоры) қаражаттарын тарта отырып қайта өңдеу салалары мен қызмет көрсету аясында 115 мың жаңа жұмыс орнын, негiзiнен халықтың нашар қорғалған жiктерi (әйелдер, жастар, ұзақ уақыт бойы жұмыс iстемегендер және с.с.) үшiн құруға жәрдемдесу. 
      1 мың мүгедектер үшiн жабдықтар мен құрал алуға арналған шығындарды осы көзден өтеу ұйғарылады. 
      Еңбекпен қамту қызметiнiң шағын бизнес пен кәсiпкерлiктi дамытудағы негiзгi бағыттары болып: 
      10 мың адамға арналған шағын бизнес пен кәсiпкерлiктiң негiздерiне кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру; 
      жаңа бастаған кәсiпкерлерге өз iсiн ұйымдастыру мәселелерi бойынша консалтингтiк қызмет көрсету; 
      өз iсiн ұйымдастыру мәселелерiнде практикалық көмек көрсету: лизинг (қаржылық жалға алу), тiркеу және басқалар айқындалады. 

      5) Ақы төленетiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 

      1997 жылы еңбек рыногында белсендi шараларды пайдаланудың басымдықты бағыттарының бiрi ретiнде оларды одан әрi дамыту ұйғарылатын қоғамдық жұмыстардың маңызы артады. Бұл үшiн әлеуметтiк пайдалылық талаптарына жауап беретiн және еңбек рыногындағы шиеленiстi төмендетуге қабiлеттi жұмыстардың нақты түрлерiнiң тiзбесiн қамтитын жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сандық және сапалық тепе-теңдiгiн ескере отырып мұндай жұмыстардың аймақтық бағдарламалары мен жергiлiктi жобаларын әзiрлеу негiз болады. 
      Бұл ретте тұрғын үй мен әлеуметтiк-мәдени мақсаттағы объектiлердi салу, оларды көгалдандыру мен жайластыру, жолдар мен тротуарлар төсеу және жөндеу, суландыру құрылыстарын салу және жөндеу сияқты қалалар мен аудандарды әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламаларына сыйымды жобалар басымдықты пайдалана алады. 
      Тiзбеде қарттар мен мүгедектерге қызмет көрсету, ауыр науқастар мен жас балаларды күтуге көмектесу, күрделi емес ауыл шаруашылығы жұмыстары қалады. 
      Аймақтық бағдарламалардың шеңберiнде қоғамдық жұмыстармен көбiне ұзақ стажды жұмыссыздардың, сондай-ақ кәсiби бiлiктiлiгi мен әлеуметтiк байланыстарын жоғалтқан еңбек рыногында аз бәсекелестi санаттардағы жұмыссыздардың қатарынан 30 мың адамды жұмыспен қамту көзделiп отыр. 

      6) Жұмыс орындарын квоталау 

      1997 жылы Мемлекеттiк жұмыспен қамту органдары жалпы бiлiм беретiн, кәсiптiк-техникалық мектептердi бiтiрген жастар, сондай-ақ 20 жастан төмен басқа адамдар, кәмелетке толмаған балаларды, мүгедек балаларды тәрбиелеушi жалғыз басты және көп балалы ата-аналар, зейнет жасының алдындағы адамдар, мүгедектер, ұзақ уақыт жұмысы болмаған азаматтар, қызметтен зейнеткерлiкке құқықсыз босатылған әскери қызметшiлер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, босқындар, мәжбүр мигранттар үшiн жұмыс орындарын квоталауды қоса алғанда еңбек рыногында мүмкiндiктердi шектеулi адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдем жасау жөнiндегi жұмыстарды жалғастыратын болады. 
      Квотаға сәйкес халықтың әлеуметтiк әлсiз санаттарының қатарынан 25 мыңнан астам адам еңбекке орналастырылатын болады. 

      7) Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу, 
         жұмыссыздарға материалдық көмектер көрсету 

      Мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметi 1997 жылы жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеудi және жұмыссыздарға материалдық көмектер көрсетудi жалғастырады. 425 мың жұмыссыз жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алады деп ұйғарылуда. 

      8) Еңбек көшi-қонын реттеу. Iшкi еңбек рыногын қорғау 

      Еңбек көшi-қонын реттеу мен iшкi еңбек рыногын қорғау жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың арасындағы сәйкессiздiктi жеңуге, жұмыс күшiн шетелде уақытша пайдаланудың есебiнен еңбекпен қамту саласындағы шиеленiстi жұмсартуға, көшi-қонушылардың еңбек құқықтарын қорғауға арналған.

      Жұмыспен қамту қызметтерi жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп мынадай шараларды:
      қол жеткiзiлген уағдаластыққа сәйкес Оңтүстiк Кореяға 328 адамды жұмысқа жiберудi;
      сыртқы еңбек көшi-қоны мәселелерiмен айналысатын ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi;
      шетелге жұмысқа кететiн азаматтарға консультациялық-ақпараттық көмек көрсетудi;
      шетелге жұмыс күшiн апарумен және оларды қайта әкелумен айналысатын мемлекеттiк емес делдалдық ұйымдардың қызметiне лицензиялар берудi;
      көшiп келудi бақылауды және заңсыз еңбек көшi-қонын болдырмауды ұйымдастыруды жүзеге асыруы тиiс.

       IV. Бағдарламаны ақпараттық-талдаулық және қаржылық
                            қамтамасыз ету

      1) Жұмыспен қамту қызметiн дамыту

      Осы Бағдарламада көзделген мiндеттердi жүзеге асыруға қажеттi шарт мемлекеттiк жұмыспен қамту қызметтерiн, оның республикалық, аймақтық және жергiлiктi органдарын одан әрi дамыту болып табылады. Еңбек рыногындағы жағдайдың өзгерiсiне тиiсiнше iс-әрекет жасауды оның материалдық базасын нығайтудың, компьютерлендiрудiң және техникалық жарақтандырудың, статистикалық және ақпараттық-анықтамалық жүйелердi, еңбек рыногының мониторингiн дамытудың негiзiнде жұмыспен қамту қызметi қамтамасыз ететiн болады. 
      Аймақтық жұмыспен қамту қызметтерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау жүйесi енгiзiлетiн болады. 
      Әлеуметтiк қорғау жөнiндегi Бүкiләлемдiк Банктiң жобасын жүзеге асырудың шеңберiнде Қостанай, Ақмола, Ақтау, Атырау, Семей, Өскемен, Көкшетау, Жезқазған, Алматы облысындағы Талғар қалаларында модельдiк жұмыспен қамтамасыз ету орталықтарын құру көзделуде. Алда барлық модельдiк орталықтарда клиенттерге қызмет көрсетудiң озық рәсiмдерiн енгiзу, бұл тәжiрибенi бiртiндеп қалған жұмыспен қамту орталықтарына тарату, сондай-ақ жұмыспен қамту қызметтерiнiң қызметкерлерiн жұмыстың тиiмдi тәсiлдерiне жаппай оқыту жүргiзудi қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етудi жаңа тұғырға көшiрудi ұйымдастыру, еңбек рыногындағы ахуалдарды талдау мен болжаудың озық әдiстерiн енгiзу тұр. 

      2) Халықты жұмыспен қамту саясатын ақпараттық қолдау 

      Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын ақпараттық қолдау жүйесiн қалыптастыру жалғастырылатын болады. Оның негiзгi элементтерi: 
      халықты және жұмыс берушiлердi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның iшiнде жұмыспен қамту қызметi органдарының мерзiмдi басылымы арқылы еңбек рыногының ахуалы туралы хабарландыру; 
      буклеттер, жарнамалар, плакаттар тарату арқылы өз бетiнше жұмыс iздеуге жәрдемдесу; 
      бос жұмыс орындары туралы мәлiметтердi жариялау арқылы азаматтардың еңбекке орналасуына жәрдемдесу болады. 

      3) Халықты жұмыспен қамту мәселелерi бойынша 
         нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру 

      1997 жылы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi басқа мүдделi министрлiктермен бiрлесiп мынадай нормативтiк актiлердi: 
      жаппай жұмыстан босатылу туралы ақпарат беру тәртiбi туралы ереже және жұмыспен қамту орталықтарына жұмысшылардың саны және бос қызмет орындары туралы мәлiметтер; 
      жұмыссыздарды бизнеске оқыту үшiн кәсiби iрiктеу шараларын жүргiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсынымдар; 
      жұмыссыздарға материалдық көмектер көрсетудiң шарттары мен тәртiбi туралы ереже; 
      жұмыссыздарға жәрдем көрсетудiң шарттары мен тәртiбi туралы ереже; 
      жұмыссыздар мен жұмыспен қамтылмаған халықты кәсiптiк даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртiбi туралы ереже әзiрлеудi ұйғарып отыр. 

      4) Жұмыспен қамту бағдарламасын қаржылық қамтамасыз ету 

      1997 жылға арналған еңбекке ақы төлеу қорының болжамына сүйенiп Жұмыспен қамту қорына күтiлiп отырған түсiм 8 070 000 мың теңгенi құрайды. 
      Кейбiр облыстарды құрылатын жұмыспен қамтудың модельдiк орталықтарын қаржыландыруға Халықаралық Қайта Жаңарту мен Даму Банкiнен күтiлiп отырған қаражат түсуiн ескергенде жиынтық кiрiс 9 334 224 мың теңгенi құрайды. 
      Бұл ретте 5 236 425 мың теңгенi жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыны төлеуге жұмсау ұйғарылуда (1 жұмыссызға арналған жәрдемақының орташа мөлшерi 2 464 теңге және жәрдемақы алудың орташа ұзақтығы 5 ай есебiмен). Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау мен қайта оқытуға арналған шығыстар 860 938 мың теңгенi, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған шығыстар 203 580 мың теңгенi, жұмыспен қамту қызметiн ұстауға арналған шығыстар - 646 576 мың теңгенi құрайды. Бұдан басқа, мүгедектерге жабдықтар мен бейiмделген құрылғылар алуға арналған шығыстарды өтеуге 14 000 мың теңге сомасында, жаңа жұмыс орындарын құруды қолдауға және кәсiпкерлiктi дамытуға - 1 224 636 мың теңге шығындар көзделген.
      Жұмыспен қамту қорының жалпы шығыстары тұрғын үй құрылысында қосымша жұмыс орындарын құруға арналған шығындарды ескергенде 9 334 224 мың теңгенi құрайды.

      Қазақстан Республикасы

О Программе занятости населения на 1997 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 1997 г. N 539. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях реализации государственной политики занятости населения и обеспечения социальной защиты безработных Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемую Программу занятости населения на 1997 год (далее - Программа).
      2. Министерству труда и социальной защиты населения совместно с Министерством образования и культуры Республики Казахстан, иными центральными и местными исполнительными органами организовать переобучение безработных, особо обратив внимание на подготовку по новым профессиям и специальностям, для развития индивидуального предпринимательства, среднего и малого бизнеса с учетом региональных особенностей.
      3. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан совместно с местными исполнительными органами организовать выполнение Программы.
      4. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан совместно с заинтересованными центральными исполнительными органами внести в декабре 1997 года в Правительство Республики Казахстан проект Программы занятости населения на 1998 год.

     Премьер-Министр
   Республики Казахстан

                                            УТВЕРЖДЕНА
                                   постановлением Правительства          
                                       Республики Казахстан
                                    от 11 апреля 1997 г. N 539

              Программа занятости населения на 1997 год

      Целью Программы является выработка стратегии содействия занятости и социальной защиты граждан от безработицы.
      Приоритеты и прогнозные параметры Программы определены на основе Программы действий Правительства Республики Казахстан по углублению реформ на 1996-1998 годы (далее - Программы Правительства), утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 13 декабря 1995 г. N 2680 U952680_  , Индикативного плана социально-экономического развития Республики Казахстан на 1997 год, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 сентября 1996 г. N 1161 P961161_  , Концепции государственной политики занятости населения (далее - Концепция занятости), одобренной постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 мая 1996 г. N 631 P960631_  , а также анализа и прогноза ситуации на рынке труда, подготовленного Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

                   I. Прогноз занятости на 1997 год

      В 1997 году будет продолжена реализация общей экономической стратегии, целей и задач, определенных Программой Правительства. Ситуация на рынке труда будет определяться мерами, проводимыми органами исполнительной власти в финансово-экономической и социальной сферах.
      Продолжающиеся кризисные явления в экономике и недостаток финансовых средств будут оказывать негативное воздействие на стабилизацию финансово-хозяйственной деятельности организаций, что может поставить многие из них на грань банкротства.
      Продолжатся процессы высвобождения рабочей силы.
      Предполагается, что численность высвобожденных может превысить 300 тыс. человек, а количество длительно безработных достигнет 15 процентов от общего их числа.
      В 1997 году могут возрасти темпы реорганизационных и ликвидационных процедур как в отраслевом, так и в региональном разрезах, и прежде всего в Жезказганской, Кустанайской, Семипалатинской, Талдыкорганской областях и в г. Алматы.
      Продолжится процесс частичного перехода скрытой безработицы в открытую, в результате чего в целом по республике может высвободиться 15-20 процентов работников.
      Численность занятых в отраслях экономики в 1997 году может сократиться по сравнению с 1996 годом на 0,2 процента и составит 6265 тыс. человек. Сокращение прогнозируется как в отраслях материального производства, так и в непроизводственной сфере.
      Положение в области занятости усугубит приток сельской молодежи в города, что также повлияет на осложнение ситуации на рынке труда.
      В 1997 году рынок труда будет формироваться под воздействием следующих факторов:
      структурной перестройки производства: приватизации, банкротства, перепрофилирования;
      инвестиционных возможностей, от которых зависят масштабы сохранения экономически эффективных и создания новых рабочих мест;
      продолжения процессов высвобождения работников с организаций;
      возрастания оттока сельского населения в города, особенно молодежи.
      По оценкам Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, в 1997 году наибольшие значения уровня безработицы сохранятся в Кзыл-Ординской и Атырауской областях, высокий уровень безработицы возможен в Северо-Казахстанской, Семипалатинской, Западно-Казахстанской, Тургайской, Актюбинской, Восточно-Казахстанской и Жезказганской областях. Наименьшие значения этого показателя ожидаются в Карагандинской области и г. Алматы.
      По-прежнему остро будет стоять проблема трудоустройства женщин, молодежи, лиц предпенсионного возраста, других малоконкурентных на рынке труда слоев населения. Вследствие низкой мобильности населения из-за отсутствия рынка жилья, увеличения дисбаланса между спросом и предложением рабочей силы усилится процесс формирования слоя длительно безработных.
      Предложение рабочей силы на рынке труда будет возрастать и составит 2,5 млн. человек.
      Предусматриваемое проведение активных мер по поощрению малого и среднего бизнеса позволит занять 100 тыс. человек дополнительно. Однако из-за ограниченности инвестиций существенно приостановить рост безработицы не удастся.
      По прогнозам Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, в 1997 году в службы занятости может обратиться около 750 тыс. человек, из которых 150 тысяч будут трудоустроены, а 600 тыс. человек, или 8,7 процента от экономически активного населения получат статус безработного.

             II. Основные направления политики занятости
                             в 1997 году

      В соответствии с Программой Правительства и Концепцией занятости основными направлениями политики занятости на 1997 год определены:
      совершенствование системы правового регулирования занятости и трудовых отношений путем изменения и дополнения трудового законодательства;
      совершенствование отраслевой структуры экономики на основе создания новых, реформирования неперспективных производств;
      поддержка и активное стимулирование развития малого и среднего частного предпринимательства, создающего дополнительные рабочие места, в том числе и за счет привлечения иностранного капитала;
      опережение профессионального образования по отношению к складывающейся ситуации на рынке труда с учетом структурных изменений в экономике;
      переориентация организации общественных работ на жилищное и дорожное строительство;
      формирование системы социального партнерства главных участников рынка труда (государства, работодателей и работников) в обеспечении гарантии занятости, решении вопросов оплаты, условий и режимов труда;
      повышение роли местных исполнительных органов в решении региональных проблем занятости;
      осуществление избирательных мер, направленных на устранение наиболее острых диспропорций спроса и предложения на рынке труда;
      дальнейшая интеграция деятельности государственной службы занятости с работодателями и профсоюзами в вопросах регулирования занятости и рынка труда.
      Основными рычагами реализации политики занятости должны стать:
      нейтрализация факторов, способствующих росту безработицы в результате реформирования организаций, в том числе всемерное развитие профориентационных услуг, профобучения и переподготовки высвобождаемых работников;
      проведение государственной социальной политики в рамках макроэкономической стратегии;
      содействие развитию предпринимательства и самозанятости, малого и среднего бизнеса как перспективной сферы приложения труда путем создания бизнес-центров, поддержки центров малого бизнеса, расширения ресурсов обучения предпринимательским навыкам;
      защиты внутреннего рынка труда и ограничение использования труда иностранных рабочих и специалистов, экспертиза программ экономического развития и контрактов с участием иностранных фирм на предмет обеспечения занятости местного населения и ее финансирования;
      содействие развитию в контрактной системы экспорта рабочей силы в ближнее и дальнее зарубежье;
      квотирование численности иммигрантов, исходя из экономических возможностей и условий регионов расселения.

             III. Обеспечение социальной защиты населения
                          в сфере занятости

      1) Меры по сбалансированию спроса и предложения рабочей силы

      Определяющее влияние на конъюнктуру рынка труда оказывает предъявляемый работодателями спрос на рабочую силу. Основными требованиями работодателей в настоящее время являются высокий профессионализм и опыт работы по данной специальности.
      Снижение занятости является типичным как для большинства отраслей материального производства, так и непроизводственной сферы. Всего по отраслям экономики, по предварительной оценке, в 1997 году будет принято более 830 тыс. человек, а уволено свыше 1300 тыс. человек.
      Дальнейшее свертывание производства и предполагаемое банкротство предприятий повлекут за собой снижение спроса на рабочую силу и увеличение длительной безработицы.
      Предотвратить возможную ситуацию на данном этапе предполагается усилением регулирующего воздействия государства на рынок труда с помощью следующих мер:
      сохранение числа экономически целесообразных и создание дополнительных рабочих мест;
      использование гибких режимов рабочего времени, что позволит увеличить занятость без увеличения числа рабочих мест;
      подготовка и переобучение незанятого населения и безработных с учетом потребностей рынка труда;
      смягчение последствий массовых высвобождений посредством внутриотраслевого перераспределения рабочей силы и диверсификации производства;
     организация общественных работ.

     2) Содействие трудоустройству граждан

     В целях сокращения времени поиска работы гражданами, усиления взаимодействия с работодателями по увеличению числа заявляемых ими в центры занятости вакансий службы занятости будут продолжать оказывать следующие услуги:
     информирование граждан о возможностях трудоустройства;
     предоставление гражданину возможности выбора различных форм и видов занятости;
     подбор подходящего рабочего места;
     обучение и переобучение безработных;
     консультирование граждан, испытывающих трудности в поиске работы;
     организация общественных работ;
     содействие безработным в организации собственного дела.
      С помощью службы занятости предполагается предоставить работу 150 тыс. человек, в том числе 36 тыс. выпускников учебных заведений системы образования (вузов, колледжей, лицеев, профтехшкол, общеобразовательных школ всех типов и наименований).

        3) Профессиональная подготовка, повышение квалификации
                     и переподготовка безработных

      В 1997 году предполагается направить на профессиональную подготовку, повышение квалификации и переподготовку в пределах 30 тыс. человек безработных.
      При этом преимущество будет предоставлено неработающей молодежи до 20 лет, женщинам, трудоспособным инвалидам и другим социально уязвимым категориям населения. В этих целях предусматривается:
      принять участие совместно с заинтересованными министерствами в разработке основных направлений определения потребности в подготовке квалифицированных специалистов с учетом приоритетов развития отдельных отраслей экономики, расширения и перепрофилирования производства, освоения новых видов продукции и услуг;
      расширять профориентационные услуги для безработных, особенно для социально уязвимых слоев населения путем организации работы по формированию компьютерного информационно-справочного банка учебно-курсовой сети, в том числе вузов, ссузов, ПТШ, а также негосударственных учреждений образования о новых престижных профессиях и специальностях, наиболее востребуемых на рынке труда;
      осуществлять координацию и методическое руководство профориентацией и профессиональным обучением безработных и незанятого населения на основе договоров о сотрудничестве Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан с заинтересованными министерствами и организациями;
      активизировать деятельность по организации профподготовки безработных для сферы малого и среднего бизнеса, предпринимательской и индивидуальной трудовой занятости, в сотрудничестве с территориальными центрами поддержки и развития предпринимательства;
      организовать обучение по заявкам местных органов службы занятости и работодателей на базе Республиканского центра обучения военнослужащих, уволенных в запас, и безработных (в с. Тургень Алматинской области) по профессиям и специальностям сельскохозяйственного профиля;
      оказывать содействие в реализации проекта Всемирного Банка по социальной защите (компонент "Служба занятости") в г. Алматы, в Алматинской, Павлодарской, Южно-Казахстанской областях по обучению безработных, преимущественно женщин, основам бизнеса, навыкам поиска работы;
      оказывать действенную помощь организациям в осуществлении переобучения высвобождаемых работников и трудоустройстве их на вновь создаваемые рабочие места и имеющиеся вакансии.

     4) Содействие в создании новых рабочих мест, стимулирование
         самозанятости, предпринимательства и малого бизнеса

      Создание рабочих мест, стимулирование самозанятости, предпринимательства и малого бизнеса особенно целесообразно в перспективных отраслях и в сфере услуг.
      В целях решения данной задачи предполагается:
      принять меры по организации системы создания рабочих мест для безработных;
      содействие в создании 115 тыс. новых рабочих мест, в основном для слабозащищенных слоев населения (женщин, молодежи, длительно неработающих и т.п.), в перерабатывающих отраслях и сфере услуг с привлечением средств Государственного фонда содействия занятости (далее - Фонд занятости). Для 1 тыс. инвалидов предполагается возместить затраты на приобретение оборудования и инструментов из этого же источника.
      Основными направлениями работы службы занятости в развитии малого бизнеса и предпринимательства определены:
      организация профессионального обучения основам малого бизнеса и предпринимательства для 10 тыс. человек;
      оказание консалтинговых услуг начинающим предпринимателям по вопросам организации собственного дела;
      оказание практической помощи в вопросах организации собственного дела: лизинг (финансовая аренда), регистрация и др.

            5) Организация оплачиваемых общественных работ

      В 1997 году повысится значимость общественных работ как одного из приоритетных направлений в использовании активных мер на рынке труда, что предполагает в дальнейшем их интенсивное развитие. Основой для этого послужит разработка региональных программ и местных проектов таких работ с учетом количественной и качественной сбалансированности спроса и предложения рабочей силы, содержащих перечень конкретных видов работ, отвечающих требованиям социальной полезности и способных снизить напряжение на рынке труда.
      При этом приоритетное использование получат проекты, совместимые с программами социально-экономического развития городов и районов, таких, как строительство жилья и объектов социально-культурного назначения, очистка территорий, их озеленение и благоустройство, прокладка и ремонт дорог и тротуаров, ремонт и строительство ирригационных сооружений.
      B перечне останутся услуги престарелым и инвалидам, помощь в уходе за тяжелобольными и малолетними детьми, несложные сельхозработы.
      Общественными работами в рамках региональных программ предполагается занять 30 тыс. человек, преимущественно из числа безработных с длительным стажем, а также малоконкурентных на рынке труда категорий, утративших профессиональную квалификацию и социальные связи.

                     6) Квотирование рабочих мест

      В 1997 году органами Государственной службы занятости будет продолжена работа по содействию занятости лиц с ограниченными возможностями на рынке труда, включая квотирование рабочих мест для молодежи, окончившей общеобразовательные, профессионально-технические школы, а также других лиц, моложе 20 лет, одиноких и многодетных родителей, воспитывающих несовершеннолетних детей, детей-инвалидов, лиц предпенсионного возраста, инвалидов, граждан, продолжительное время не имеющих работу, военнослужащих, уволенных со службы без права на пенсию, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, беженцев, вынужденных мигрантов.
     В соответствии с квотой будет трудоустроено свыше 25 тыс. человек из числа социально уязвимых категорий населения.

                 7) Выплата пособий по безработице,
              оказание материальной помощи безработным

     Государственная служба занятости в 1997 году продолжит выплату пособий по безработице и оказание безработным материальной помощи. Предполагается, что 425 тыс. безработных получат пособия по безработице.

                8) Регулирование трудовой миграции.
                   Защита внутреннего рынка труда


      Регулирование трудовой миграции и защита внутреннего рынка труда призваны содействовать преодолению диспропорций между спросом и предложением рабочей силы, смягчению напряженности в сфере занятости за счет временного использования рабочей силы за рубежом, защите трудовых прав мигрантов.


     Службы занятости совместно с местными исполнительными органами должны осуществить следующие меры:
     направление на работу в Южную Корею в соответствии с достигнутым соглашением 328 человек;
     координацию деятельности организаций, занимающихся вопросами внешней трудовой миграции;
     консультационно-информационную помощь гражданам, выезжающим на работу за рубеж;
     выдачу лицензий на деятельность негосударственных посреднических организаций, занимающихся ввозом и вывозом за рубеж рабочей силы;
     организацию иммиграционного контроля и пресечение нелегальной трудовой миграции.

            IV. Информационно-аналитическое и финансовое
                       обеспечение Программы

                    1) Развитие службы занятости


      Необходимым условием реализации задач, предусмотренных настоящей Программой, является дальнейшее развитие Государственной службы занятости, ее республиканского, региональных и местных органов. Адекватное реагирование на изменение ситуации на рынке труда будет обеспечиваться деятельностью службы занятости на основе укрепления ее материальной базы, компьютеризации и технического оснащения, развития статистической и информационно-справочной систем, мониторинга рынка труда.
      Будет введена система оценки эффективности деятельности региональных служб занятости.
      В рамках реализации проекта Всемирного банка по социальной защите предполагается создать модельные центры занятости в гг. Кустанае, Акмоле, Актау, Атырау, Семипалатинске, Усть-Каменогорске, Кокшетау, Жезказгане, Талгаре Алматинской области. Предстоит внедрить прогрессивные процедуры обслуживания клиентов во всех модельных центрах, постепенно распространить этот опыт на остальные центры занятости, а также обеспечить проведение массового обучения сотрудников службы занятости эффективным методам работы, организовать перевод программного обеспечения на новую платформу, внедрить передовые методы анализа и прогнозирования ситуации на рынке труда.

                 2) Информационная поддержка политики
                         занятости населения

      Будет продолжено формирование системы информационной поддержки государственной политики занятости населения. Ее основными элементами будут:
      информирование населения и работодателей о состоянии рынка труда через средства массовой информации, в том числе и через периодические издания органов службы занятости;
      содействие самостоятельному поиску работы через распространение буклетов, памяток, плакатов;
      содействие трудоустройству граждан посредством публикации сведений о вакантных рабочих местах.

            3) Совершенствование нормативной правовой базы
                   по вопросам занятости населения

      B 1997 году Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан совместно с другими заинтересованными министерствами предполагает разработать следующие нормативные акты:
      положение о порядке предоставления информации о массовом высвобождении и сведений о наличии рабочих и вакантных должностей центрам занятости;
      методические рекомендации по проведению мероприятий профотбора для обучения безработных бизнесу;
      положение об условиях и порядке оказания материальной помощи безработным;
      положение об условиях и порядке выплаты пособия по безработице;
      положение об организации и порядке финансирования профессиональной подготовки, повышения квалификации и переподготовки безработных и незанятого населения.

            4) Финансовое обеспечение Программы занятости

      Исходя из прогноза фонда оплаты труда на 1997 год, ожидаемые поступления в Фонд занятости составят 8 070 000 тыс. тенге.
      С учетом ожидаемого поступления средств от Международного Банка Реконструкции и Развития на финансирование создаваемых в некоторых областях модельных центров занятости суммарный доход составит 9 334 224 тыс. тенге.
      При этом предполагается 5 236 425 тыс. тенге затратить на выплату пособий по безработице (из расчета среднего размера пособия на 1 безработного 2 464 тенге и средней продолжительности получения пособия 5 месяцев). Расходы на профессиональную подготовку и переобучение безработных составят 860 938 тыс. тенге, на организацию общественных работ - 203 580 тыс. тенге, на содержание службы занятости - 646 576 тыс. тенге. Кроме того, предусмотрены затраты на компенсацию расходов на приобретение оборудования и приспособлений инвалидам в сумме 14 000 тыс. тенге, на поддержку создания новых рабочих мест и развитие предпринимательства - 1 224 636 тыс. тенге.
      Общие расходы Фонда занятости с учетом затрат на создание дополнительных рабочих мест в жилищном строительстве составят 9 334 224 тыс. тенге.