1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасы туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 13 желтоқсан N 2680. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Пpезидентiнiң 1998.01.28. N 3834 жаpлығымен. ~U983834

      Экономикалық өзгерiстердiң жаңа кезеңiн жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi ұсынған 1996-1998 жылдарға арналған Үкiметтiң Iс-қимыл бағдарламасы (қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi Үкiметтiң Iс-қимылының орта мерзiмдiк жоспары, сондай-ақ 1996 жылға арналған кең ауқымды шараларының жоспарын бiр ай мерзiмде әзiрлесiн және бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын баяндасын.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Президентiне Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстарын жыл сайын ұсынуға рұқсат берiлсiн.
      4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Аймақтардағы

реформаларды тереңдету жөнiндегi бағдарлама мен iс-қимылдар жоспарын
тоқсандық мерзiмде әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң
бекiтуiне енгiзсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банк секторын одан
әрi реформалаудың 1996-1998 жылдарға арналған орта мерзiмдiк
бағдарламасын әзiрлесiн.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 

                              ПРОГРАММА 
             действий Правительства по углублению реформ 
                         на 1996-1998 годы
                     (орысша мәтіндi қараңыз аудармасы жоқ, 
                      өзгерiстер де орыс тiлiнде ғана 
                      берiлген) 
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады