"Бурабай таулы орман алқабын қорғауды күшейту жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 ақпандағы N 3369 өкiмiн iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 6 мамыр N 787. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінiң 2000.08.12. N 1246 қаулысымен. ~P001246

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасының Бурабай орман шаруашылығы қазiргi шекарасының шегiнде Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасының "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенi" мемлекеттiк мекемесi болып қайта құрылсын.
      Аталған орман кешенiнiң қызметiн орман және жануарлар дүниесiн күзету, қорғау мен ұдайы өсiру саласында қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасына көзделетiн сомалардың есебiнен және олардың шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасымен келiсе отырып екi ай мерзiм iшiнде аталған орман кешенi Жарғысының жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 27 ақпандағы N 3369 N973369_ өкiмiнiң және осы қаулының қабылдануына байланысты Президент пен Үкiметтiң кейбiр актiлерiне өзгерiстер енгiзу және олардың күшi жойылған деп тану туралы ұсыныстарды әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аң шаруашылығы комитетi "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiнiң аумағында: 1997 жылы - орман салу даярлық жұмыстарын және осы кешеннiң ормандарын қорғау санаттары бойынша бөлу туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен бекiтуге енгiзудi; 1998-1999 жылдары - егiс жұмыстары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен дамыту жоспарын жобалауды жүргiзсiн.
      Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң Шаруашылық басқармасы аталған жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аң шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасының ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен бiрлесiп "Бурабай" табиғи-сауықтыру орман кешенiне орман шаруашылығы және биотехникалық шараларды ұйымдастыру мен жүргiзуде қажеттi консультативтiк және ғылыми-әдiстемелiк көмек көрсететiн болсын, сондай-ақ осы кешен ормандарының жай-күйiне мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


О реализации распоряжения Президента Республики Казахстан от 27 февраля 1997 г. N 3369 "О дополнительных мерах по усилению охраны Боровского горно-лесного массива"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 1997 г. N 787. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 12 августа 2000 г. N 1246 ~P001246.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Преобразовать Боровское лесное хозяйство Хозяйственного управления Президента и Правительства Республики Казахстан в государственное учреждение "Природно-оздоровительный лесной комплекс "Бурабай" Хозяйственного управления Президента и Правительства Республики Казахстан в пределах существующих границ.
      Установить, что финансирование деятельности указанного лесного комплекса в области охраны, защиты, воспроизводства лесов и животного мира осуществляется из республиканского бюджета за счет и в пределах сумм, предусматриваемых Хозяйственному управлению Президента и Правительства Республики Казахстан.
      2. Хозяйственному управлению Президента и Правительства Республики Казахстан по согласованию с Управлением Делами Президента Республики Казахстан в двухмесячный срок подготовить и внести в установленном порядке на утверждение Правительства Республики Казахстан проект Устава указанного лесного комплекса, а также предложения о внесении изменений и признании утратившими силу отдельных актов Президента и Правительства в связи с принятием распоряжения Президента Республики Казахстан от 27 февраля 1997 г. N 3369 N973369_ и настоящего постановления.
      3. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан обеспечить проведение на территории Природно-оздоровительного лесного комплекса "Бурабай": в 1997 году - подготовительных лесоустроительных работ и внесение в установленном порядке для утверждения предложении о распределении лесов этого комплекса по категориям защитности; в 1998-1999 годах - полевых работ и проектирование плана организации и развития лесного хозяйства.
      Хозяйственному управлению Президента и Правительства Республики Казахстан обеспечить финансирование указанных работ.
      4. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства совместно с Министерством науки - Академии наук Республики Казахстан оказывать Природно-оздоровительному лесному комплексу "Бурабай" необходимую консультативную и научно-методическую помощь в организации и проведении лесохозяйственных и биотехнических мероприятий, а также обеспечить государственный контроль за состоянием лесов этого комплекса.
     Премьер-Министр
  Республики Казахстан