1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ДЭУ" корпорациясы арасында 1997 жылғы 31 мамырда жасалған Акцияларды сату-сатып алу туралы келiсiмнiң шарттары мен ережелерi мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамына берiлген 1996 жылғы 5 қарашадағы N 000001 Лицензия мен 1997 жылғы 21 мамырдағы оған Қосымшаға тиiстi өзгерiс енгiзсiн. <*>
3. Қазтелеком" ашық акционерлiк қоғамының тарифтерiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсiмi бойынша, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi белгiлейдi деп белгiленсiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтары жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.02.03.
N 73 қаулысымен. P980073_
4. Министрлiктер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар аталған Келiсiмдi жүзеге асыруға жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi