"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының акцияларын сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 4 маусымдағы N 922

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "ДЭУ" корпорациясы арасында 1997 жылғы 31 мамырда жасалған Акцияларды сату-сатып алу туралы келiсiмнiң шарттары мен ережелерi мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Қазақтелеком" ашық акционерлiк қоғамына берiлген 1996 жылғы 5 қарашадағы N 000001 Лицензия мен 1997 жылғы 21 мамырдағы оған Қосымшаға тиiстi өзгерiс енгiзсiн. <*>
      3. Қазтелеком" ашық акционерлiк қоғамының тарифтерiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсiмi бойынша, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi белгiлейдi деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2,3-тармақтары жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.02.03.
               N 73 қаулысымен. P980073_
      4. Министрлiктер, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар аталған Келiсiмдi жүзеге асыруға жәрдем көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады