Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының және ведомстволарының басшыларына (басшыларының орынбасарларына) сыйақы беру туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 маусымдағы N 964. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.04.13. N 565 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк

комитеттерiнiң, өзге орталық атқарушы органдарының және

ведомстволарының басшыларына (басшыларының орынбасарларына) сыйақы

беру туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. Осы қаулы 1997 жылдың 1 маусымынан бастап күшiне енгiзiледi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 12 маусымдағы

                                           N 964 қаулысымен

                                              бекiтiлген


         Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк

         комитеттерiнiң, өзге орталық атқарушы органдарының

            және ведомстволарының басшыларына (басшыларының

                 орынбасарларына) сыйақы беру туралы

                                 ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдарының және ведомстволардың басшыларының (басшылары орынбасарлардың) (бұдан әрi - басшылардың) функционалдық мiндеттерi мен жүктемелерiн уақтылы және сапалы орындағаны үшiн материалдық көтермелеу мақсатында әзiрлендi.
      2. Басшыларға сыйақы беру Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3436 U973436_ Жарлығымен бекiтiлген Мемлекет бюджетi есебiнен ұсталатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiне сәйкес еңбекке ақы төлеу қорының осы мақсаттарға көзделген қаражаты шегiнде жүргiзiледi.
      3. Басшылар орталық аппарат қызметкерлерiне сыйақы беру туралы ережелердi өз бетiнше әзiрлеп, бекiтуге құқылы.
 
      II. Сыйақы берудiң көрсеткiштерi мен шарттары
 
      4. Қызметтiң сыйақы алуға құқық беретiн нәтижелерiн сипаттайтын негiзгi көрсеткiштерi мыналар болып табылады:
      орталық атқарушы органға және ведомствоға Қазақстан

 

Республикасының Үкiметi бекiткен осы органдар туралы Ережеге сәйкес

жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындау;

     мыналарды уақтылы және сапалы орындау;

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспарының шаралары;

     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Заң жобалары жөнiндегi жұмыс

жоспары;

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң және

Премьер-Министрiнiң актiлерi мен тапсырмалары.

     сыйақы берудiң негiзгi шарты мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн

сақтау болып табылады.


     III. Сыйақыны бекiту мен төлеу тәртiбi



 
       5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi орындаушылық тәртiптiң ахуалы туралы ақпараттың негiзiнде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң жетекшiлiк ететiн орынбасарымен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне басшыларға сыйақы беру (сыйақы бермеу) туралы ұсыныс әзiрлейдi (осы Ережеге қоса берiлiп отырған сыйақының мөлшерiн келiсу парағына сәйкес), Премьер-Министр сыйақы төлеуге рұқсат бередi.
      6. Сыйақы төлеу күнтiзбелiк айда нақты жұмыс iстелген уақыт үшiн бiлiктiлiк сыныптары, әскери атақтары, сыныптық шендерi үшiн қосымша ақылар мен еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемелердi есепке ала отырып, лауазымдық жалақының 33 процентi мөлшерiнде жүргiзiледi.
      7. Сыйақы басшыларға, әдетте, есептi кезең аяқталған соң бiр ай

 

мерзiмнен кешiктiрiлмей төленедi.

     8. Жаңадан тағайындалған басшыларға сыйақы нақты жұмыс iстелген

уақыт үшiн келесi айда төленедi.

     9. Осы Ережеге сәйкес төленетiн сыйақылар орташа жалақыны

есептеу кезiнде ескерiледi.


     IV. Сыйақыдан айыру (оны төмендету) негiздерi мен

                         тәртiбi


     10. Сыйақыдан айыру (оны төмендету) үшiн негiздер мыналар болып

табылады:


 
       белгiленген тәртiп қайтарылған нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын сапасыз әзiрлеу, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Үкiметiнiң және Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының (оның орынбасарының) тапсырмаларын белгiленген мерзiмде орындамау - тиесiлi сыйақының 25 процентiне дейiн;
      нормативтiк-құқықтық актiлер жобаларын қайта ұсыну мерзiмiн бұзу, сонымен қатар олардың келiсiлмеген жобаларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне ұсыну - тиесiлi сыйақының 50 процентiне дейiн;
      Үкiметтiң iс-қимыл жоспарының шараларын, Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыс жоспарын Үкiметтiң қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмдерiн уақтылы және сапалы орындамау - тиесiлi сыйақының 75 процентiне дейiн.
      Мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бiр рет өрескел бұзған не нормативтiк құқықтық актiлердiң белгiленген ұсыну және орындау мерзiмдерiн бiрнеше рет (екi және одан да көп) бұзған, жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындамаған жағдайда, сондай-ақ тәртiп бұзу әрекетiн жасағанда не әкiмшiлiк құқық бұзғанда тиiстi лауазымды адам 100 процент мөлшерiндегi сыйақыдан айырылады.
      11. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұйғарымына қарай

 

осы Ереженiң 10-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша белгiленген

сыйақыдан айыру мөлшерi өзгертiлуi мүмкiн.

     12. Лауазымды адамды сыйақыдан айыру ол мемлекеттiк және еңбек

тәртiбiн бұзған, өзiне жүктелген мiндеттердi орындамаған және тиiстi

түрде орындамаған, лауазымды өкiлеттiктерiн асыра пайдаланған

жағдайларда оған тәртiптiк жаза қолдануға кедергi бола алмайды.


                                              Қосымша


                  Басшыға (басшының орынбасарына)

                     берiлетiн сыйақы мөлшерiн

                           келiсу парағы

                  _______________________________

                    (министрлiктiң, мемлекеттiк

                  _______________________________

                         комитеттiң атауы)

                  _______________________________

                       (қай жылға және айға)

     ______________________________________________________________

                         Аты-жөнi        Ескертулер  Сыйақыны төмен.

                                                     дету немесе одан

                                                     айыру туралы

                                                     ұсыныс

     ______________________________________________________________

            1                2                3           4

     ______________________________________________________________


     Премьер-Министрдiң  Есiмов А.С.

     бiрiншi орынбасары


     Премьер-Министрдiң  Дүйсенов Д.Т.

     орынбасарлары       Кәрiбжанов Ж.С.

                         Тасмағамбетов И.Н.

                         Павлов А.С.


     Премьер-Министр     Бегахметов Т.К.

     Кеңсесiнiң Басшысы


     Кеңсе Басшысының    Котлов А.Н.

     орынбасарлары       Қасымов А.Қ.

                         Ермекбаев Қ.Е.


     Үкiмет шешiмдерiн   Котенко Н.Л.

     әзiрлеудi үйлестiру

     бөлiмi


     Мемлекеттiк қызмет  Пепенин А.С.

     және кадр жұмысы

     бөлiмi


     Сыртқы байланыстар  Нұралиев С.Қ.

     және хаттама бөлiмi


     Заң қызметi         Жиленков С.В.

     ______________________________________________________________





Об утверждении Положения о премировании руководителей (заместителей руководителей) министерств, государственных комитетов, иных центральных исполнительных органов и ведомств Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 июня 1997 г. N 964. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 13 апреля 2000 г. N 565 ~P000565.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о премировании руководителей (заместителей руководителей) министерств, государственных комитетов, иных центральных исполнительных органов и ведомств Республики Казахстан.
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июня 1997 года.
 

     Премьер-Министр

   Республики Казахстан



                                        Утверждено



                                постановлением Правительства

                                    Республики Казахстан

                                  от 12 июня 1997 г. N 964



 
 
                               Положение
              о премировании руководителей (заместителей
             руководителей) министерств, государственных
              комитетов, иных центральных исполнительных
               органов и ведомств Республики Казахстан
 
                          I. Общие положения
 
      1. Настоящее Положение разработано в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, U952730_ "О государственной службе" в целях материального поощрения за своевременное и качественное выполнение функциональных обязанностей и задач руководителей (заместителей руководителей) министерств, государственных комитетов, иных центральных исполнительных органов и ведомств (далее - руководителей).
      2. Премирование руководителей производится в пределах средств фонда оплаты труда, предусмотренных на эти цели в соответствии с Единой системой оплаты труда работников органов Республики Казахстан, содержащихся за счет государственного бюджета, утвержденной Указом Президента Республики Казахстан от 1 апреля 1997 г. N 3436. U973436_
      3. Руководители имеют право самостоятельно разрабатывать и утверждать положения о премировании работников центральных аппаратов.
 
                II. Показатели и условия премирования
 
      4. Основными показателями, характеризующими результаты деятельности, дающими право на премирование, являются:
      исполнение функций и задач, возложенных на центральный исполнительный орган и ведомство в соответствии с Положением об этих органах, утвержденным Правительством Республики Казахстан;
      своевременное и качественное выполнение:
      мероприятий Плана действий Правительства Республики Казахстан;
      Плана законопроектных работ Правительства Республики Казахстан;
      актов и поручений Президента, Правительства и Премьер-Министра Республики Казахстан.
      Условием для премирования является соблюдение государственной и трудовой дисциплины.
 
              III. Порядок утверждения и выплаты премий
 
      5. Канцелярия Премьер-Министра Республики Казахстан на основании информации о состоянии исполнительской дисциплины и по согласованию с курирующим Заместителем Премьер-Министра Республики Казахстан готовит представление Премьер-Министру Республики Казахстан о премировании (депремировании) руководителей (согласно прилагаемому к настоящему Положению листу согласования размера премии), который разрешает выплату премий.
      6. Премирование производится за фактически отработанное время в календарном месяце в размере 33 процентов от должностного оклада с учетом доплат за квалификационные классы, воинские звания, классные чины и надбавок за выслугу лет.
      7. Премии выплачиваются руководителям, как правило, не позднее месячного срока после окончания отчетного периода.
      8. Вновь назначенные руководители премируются за фактически отработанное время в следующем за ним месяце.
      9. Премии, выплачиваемые в соответствии с настоящим Положением, учитываются при исчислении среднего заработка.
 
          IV. Основания и порядок лишения (снижения) премии
 
      10. Основаниями для лишения (снижения) премии являются:
      некачественная подготовка проектов нормативных правовых актов, возвращенных в установленном порядке, и невыполнение в установленный срок поручений Администрации Президента, Правительства и Руководителя (его заместителей) Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан - до 25 процентов от причитающейся премии;
      срыв повторного срока представления, а равно представление несогласованных проектов нормативных правовых актов в Канцелярию Премьер-Министра Республики Казахстан - до 50 процентов от причитающейся премии;
      несвоевременное и некачественное выполнение мероприятий Плана действий Правительства, Плана законопроектных работ Правительства, постановлений Правительства и распоряжений Премьер-Министра Республики Казахстан - до 75 процентов от причитающейся премии.
      В случае однократного грубого нарушения государственной и трудовой дисциплины либо неоднократного (два и более раза) срыва установленных сроков представления и исполнения нормативных правовых актов, возложенных функций и задач, а также при совершении дисциплинарных проступков либо административных правонарушений соответствующее должностное лицо лишается премии в размере 100 процентов.
      11. По усмотрению Премьер-Министра Республики Казахстан возможно

 

изменение установленных размеров лишения премии по основаниям,

указанным в пункте 10 настоящего Положения.

     12. Лишение должностного лица премии не может служить

препятствием для наложения на него, в случае нарушения государственной

и трудовой дисциплины, неисполнения и ненадлежащего исполнения

возложенных на него обязанностей, превышения должностных полномочий,

дисциплинарного взыскания.


                                                       Приложение


                         Лист согласования

              размера премии руководителю (заместителю

           руководителя)_________________________________

                        (наименование министерства,

           ______________________________________________

                     государственного комитета)

           ______________________________________________

                       (за какой месяц и год)


--------------------------------------------------------------------

                    !    Фамилия И.О.    !Замечания!Предложение на

                    !                    !         !снижение или

                    !                    !         !лишение премии

--------------------------------------------------------------------

         1          !         2          !    3    !       4

--------------------------------------------------------------------

Первый заместитель

Премьер-Министра      Есимов А.С.


Заместители           Дуйсенов Д.Т.

Премьер-Министра      Карибжанов Ж.С.

                      Тосмагамбетов И.Н.

                      Павлов А.С.


Руководитель          Бегахметов Т.К.

Канцелярии

Премьер-Министра


Заместители           Котлов А.Н.

Руководителя          Касымов А.К.

Канцелярии            Ермекбаев К.Е.


Отдел координации     Котенко Н.Л.

подготовки

правительственных

решений


Отдел                 Пепенин А.С.

государственной

службы и

кадровой работы


Отдел внешних         Нуралиев С.К.

связей и

протокола


Юридическая служба    Жиленков С.В.