1. "Алматы темекi фабрикасы" акционерлiк қоғамына ЛНИ ЭЛЕКТРОНИКС СА (Швейцария) мен ФИЛИП МОРРИС инженерлiк қызметi арасындағы 1997 жылдың 26 ақпанындағы N 96-112 келiсiм-шартына сай Қазақстан Республикасына сигарет штрангiсiнiң нығыздалу-тығыздылығын анықтайтын аспапқа пайдаланылатын қуаты 20 мКюри стронций - 90 (СЭҚ ТН коды 2844.40000) негiзiндегi иондаушы сәулелену көзiн әкелуге рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi белгiленген тәртiпте лицензия берсiн.
3. Аталған иондаушы сәулелену көздерiнiң пайдалану қауiпсiздiгiне бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi