Қазақстан Республикасына сигарет штрангiсiнiң нығыздалу тығыздығын анықтау үшiн иондаушы сәулелену көздерiн әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 маусымдағы N 1005

      "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсетулер) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 қаулысына P960298_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алматы темекi фабрикасы" акционерлiк қоғамына ЛНИ ЭЛЕКТРОНИКС СА (Швейцария) мен ФИЛИП МОРРИС инженерлiк қызметi арасындағы 1997 жылдың 26 ақпанындағы N 96-112 келiсiм-шартына сай Қазақстан Республикасына сигарет штрангiсiнiң нығыздалу-тығыздылығын анықтайтын аспапқа пайдаланылатын қуаты 20 мКюри стронций - 90 (СЭҚ ТН коды 2844.40000) негiзiндегi иондаушы сәулелену көзiн әкелуге рұқсат берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi белгiленген тәртiпте лицензия берсiн.
      3. Аталған иондаушы сәулелену көздерiнiң пайдалану қауiпсiздiгiне бақылау жасау Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады