Консорциумы туралы Келiсiмде көзделген Каспий теңiзiнiң Қазақстан секторының шегiндегi кешендi зерттеулердiң аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. "Қазақстанкаспийшельф" Консорциумының шетелдiк қатысушыларына өздерiнiң бiрлесiп таңдаған 12 (он екi) блок бойынша барлау және игеруге К-ҮI-11; К-ҮI-12; К-ҮII-9; К-ҮII-10; К-15-а + К-ҮI-16-а; К-ҮII-5-b + К-ҮII-6-b қосымша трапецияларды қоса К-ҮII-11а + К-YII-12а; К-ҮII-12-b + К-ҮII-16-а қосымша трапецияларды қоса К-Х-4-b + К-Х-8-а; К-ХI-5-а + К-ХI-6-а; К-ХI-1; К-ХI-2 бекiтiлген блок карталарына сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстан секторының шегiндегi жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия берiлсiн. 2. <*> 3. <*> Ескерту. 2,3-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.13. N 637a қаулысымен. P02637a_
4. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы берген 1993 жылғы 31 желтоқсандағы N 1 бас лицензия және 1995 жылғы 7 сәуiрдегi МГ N 89 (мұнай) лицензия қайтып алынсын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi шетелдiк қатысушыларға және "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағына сәйкес қолданылып жүрген заңдарға орай Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуi үшiн барлау және игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға лицензиялар дайындасын. <*>
Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.13. N 637a
қаулысымен. P02637a_
6. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiне, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясына қайтарусыз негiзде жоғарыда аталған барлау және игеру блоктарына байланысты деректердi жариялауға тыйым салынсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi