Каспий теңiзiнiң қазақстан секторындағы көмiрсутегi кен орындарын геологиялық зерделеу және игеру үшiн блоктардың берiлуi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1050а

      Үкiметтiң 1993 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстанкаспийшельф"

Консорциумы туралы Келiсiмде көзделген Каспий теңiзiнiң Қазақстан
секторының шегiндегi кешендi зерттеулердiң аяқталуына байланысты
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. "Қазақстанкаспийшельф" Консорциумының шетелдiк қатысушыларына
өздерiнiң бiрлесiп таңдаған 12 (он екi) блок бойынша барлау және
игеруге К-ҮI-11; К-ҮI-12; К-ҮII-9; К-ҮII-10; К-15-а + К-ҮI-16-а;
К-ҮII-5-b + К-ҮII-6-b қосымша трапецияларды қоса К-ҮII-11а + К-YII-12а;
К-ҮII-12-b + К-ҮII-16-а қосымша трапецияларды қоса К-Х-4-b + К-Х-8-а;
К-ХI-5-а + К-ХI-6-а; К-ХI-1; К-ХI-2 бекiтiлген блок карталарына
сәйкес Каспий теңiзiнiң қазақстан секторының шегiндегi жер қойнауын
пайдалану құқығына лицензия берiлсiн.
     2. 
<*>

     3. 
<*>

     Ескерту. 2,3-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.06.13. N    
              637a қаулысымен.  

P02637a_

 


      4. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы берген 1993 жылғы 31 желтоқсандағы N 1 бас лицензия және 1995 жылғы 7 сәуiрдегi МГ N 89 (мұнай) лицензия қайтып алынсын.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi шетелдiк қатысушыларға және "Қазақстанкаспийшельф" акционерлiк қоғамына осы қаулының 1-тармағына сәйкес қолданылып жүрген заңдарға орай Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуi үшiн барлау және игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға лицензиялар дайындасын. <*>
      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.13. N 637a
               қаулысымен. P02637a_
      6. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiне, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясына қайтарусыз негiзде жоғарыда аталған барлау және игеру блоктарына байланысты деректердi жариялауға тыйым салынсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады