"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995
жылғы 23 желтоқсандағы N 2721
U952721_
Заң күшi бар Жарлығының
15-бабының негiзiнде "Спешиалти Металз Компани" фирмасымен 1995 жылы
шiлдеде"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару
құқығына жасасылған келiсiм-шарттың табысты орындалу барысын ескере
отырып, "Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсiбiн одан әрi
дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26
сәуiрдегi N 517
P960517_
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының титан-магний өнеркәсiбiн дамытудың 1996-2001 жылдарға
арналған бағдарламасын орындау үшiн қосымша инвестицияларды тарату
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
пен активтердi басқару департаментi бiр апта мерзiмде "Өскемен
титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының 36 процент
мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн келiсiлген шарттарда "Спешиалти
Металз Компани" басқарушы фирмасына тiкелей атаулы сатуды жүзеге асыру
үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру
жөнiндегi департаментiне берсiн.
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi