Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсiбiн одан әрi дамыту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 сәуiр N 517

      "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамының тұрақты жұмыс iстеуiнiң және кен базасының перспективалық дамуын қамтамасыз ету, титан-магний өнеркәсiбiне инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы мен "Спешиалти Металс Компани" басқарушысы ұсынған, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Экономика министрлiгi қолдаған 1996-2001 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының титан-магний өнеркәсiбiн дамыту бағдарламасы /бұдан әрi - Бағдарлама/ бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп банктiк сараптама жүргiзу және Бағдарламада негiзделген қаржылық шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетiне қажеттi материалдарды берсiн.
      Қазақстан Республикасының Экспорт-импорт банкi мен "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы өздерiнiң және шетелдiк кредит ресурстарын тарта отырып, титан-магний комбинатының 4-шi iске қосу кешенiнiң бiрiншi кезегiн қаржыландыру сызбасы бойынша ұсыныс әзiрлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi 1996-1997 жылдары "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының 29 процентiн жеке жоба бойынша айқындалған инвесторға сатуды жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi перспективалық аудандардан титан және магний шикiзаттарының жаңа кен орындарын ашу жөнiнде геологиялық iздестiру жұмыстарын көздесiн.

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi титан-магний
саласының минералды-шикiзат базасын кеңейтуге бағытталған, кейiн
бюджет шеккен шығындарды жер қойнауын пайдаланушылар есебiнен
өтейтiндей геологиялық iздестiру жұмыстарын қаржыландыруды қамтамасыз
етсiн.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi

                                            Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                            1996 жылғы 26 сәуiрдегi
                                               N 517 қаулысымен
                                                  бекiтiлген

         1996-2001 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының
                   титан-магний өнеркәсiбiн дамыту
                            бағдарламасы

___________________________________________________________________
   Шаралардың атауы     |       Жұмыс кезеңi       |   Орындаушы
________________________|__________________________|_______________
          1             |             2            |       3
________________________|__________________________|_______________

  Қазақстандық титан және
магний кен орындарының не.
гiзiнде Өскемен титан-маг.
ний комбинатының шикiзат
базасын жасау

1. Құрамында титан бар   1. Көкшетау облысындағы      "Солтүстiкқаз.
шикiзаттар бойынша шикi. Обухов титан-цирконий        кен" ЖШС
зат базасын дамыту       кен орнын игеру, соның
                         iшiнде:
                         кен орнының бекiтiлген
                         қорларын геологиялық-
                         экономикалық қайта
                         бағалау
                         Қуаты жылына 250 мың         "Өскемен ТМК"
                         текше метр кен құмы          АҚ, "Солтүс.
                         кенiшi объектiлерiн салу     тiкқазкен" ЖШС

                         2. Ақтөбе облысындағы Шоқаш  "Шоқаш" БШК
                         титанды-цирконийлi құмдары
                         кен орнын игеру, соның
                         iшiнде

                         барлауды аяқтау, қорларды
                         бекiту

                         Кен құмдарын ұқсату бойынша  "Өскемен ТМК"
                         қуаты жылына 250 мың текше   АҚ, "Шоқаш" БШК
                         метр мөлшерiндегi кенiштiң
                         құрылысын салу

                         3. Шығыс Қазақстан облысы    "Өскемен ТМК"
                         Қараөткел кен орнын өнер.    АҚ, "Титансирек.
                         кәсiптiк игерудiң құрылыс.   меткерамика"
                         тарын аяқтау және ТЭН        ҒӨААБ
                         құрумен тәжiрибе-өнеркәсiп.
                         тiк жұмыстарды жүргiзу

                         4. Қорларын бекiтумен        "Ертiс" АҚ
                         Бектемiр орнын барлау

                         5. Солтүстiк, батыс және     Геологияминi
                         шығыс Қазақстанда титанды
                         шикiзаттардың жаңа кен орнын
                         ашу мақсатында iздестiру
                         жұмыстарын жүргiзу, тереңде
                         жатқан құм кендерiн су
                         қысымымен өндiрудiң ұңғылау
                         технологиясын әзiрлеу

                         6. Ильмениттi концентрант.   "Өскемен ТМК"
                         тарды балқыту цехының құры.    АҚ
                         лысын аяқтау

                         N 4 iске қосу кешенiнiң        1996
                         бiрiншi кезегi /80 мың тонна
                         ильмениттi концентрантты
                         ұқсату/

                         N 4 iске қосу кешенi екiншi    1998
                         пеш /80 мың тонна ильмениттi
                         концентрант/

                         бiрiншi пештi үздiксiз жұмыс    2000
                         iстеу режимiне көшiру /иль.
                         мениттi концентрантты жобалап
                         қуатқа дейiн ұқсату/

                         екiншi пеш /80 мың тонна иль.  
                         мениттi концентрантты ұқсату/

2. Құрамында магний бар  1. Қорларын бекiтумен Индер  Геологияминi
шикiзаттар бойынша       карналит кен орнын барлау
шикiзат базасын дамыту
                         2. Масьянов магнезит кен ор.  "Ертiс" АҚ
                         нын пысықтауды ұйымдастыру,
                         1-шi кезегi

                         3. Солтүстiк Қазақстанның    Геологияминi
                         Теке, Жанаулы, Қызылқақ
                         көлдерi минералды тұздар
                         кен орны бойынша магний шикi.
                         заттарының минералды-шикiзат.
                         тық базасына геологиялық-
                         экономикалық баға беру

                         4. Магнийлi шикiзаттарды     Геологияминi
                         iздестiру, iздестiру-баға
                         беру жұмыстарын жүргiзу

                         5. Құрғатылған карналит алу  "Өскемен ТМК"
                         жөнiндегi құрылғының құры.    АҚ
                         лысын салу, 1-шi кезегi

3. Өндiрiстiң техникалық 1. Титанның пигменттi қос    "Өскемен ТМК"
деңгейiн көтеру          қышқылы мен лак-бояу өнiм.     АҚ
                         дерiнiң iрi тоннажды өндi.
                         рiсiн құру

                         2. Магний өнiмдерiн ұқсату   "Өскемен ТМК"
                         және өндiру номенклатурасын    АҚ
                         кеңейту

Қалдықсыз өндiрiстi      1. Қатты және сұйық қалдық.  "Өскемен ТМК"
ұйымдастыру және аймақ.  тарды ұқсату жөнiндегi өндi.  АҚ
тағы экологиялық жағ.    рiстi құру
дайды сауықтыру
                         2. Аудан халқын ауыз сумен   "Өскемен ТМК"
                         қамтамасыз ету                АҚ

___________________________________________________________________
   Орындалу   |  Қаржыландыру   |    Қаржыландыру   |    Түпкi
   мерзiмi,   | көлемi, мың АҚШ |      көздерi      |   нәтижесi
    жылы      |     доллары     |                   |
______________|_________________|___________________|______________
      4       |        5        |         6         |       7
______________|_________________|___________________|______________

  1996-2000           200        "Солтүстiкқазкен"   Жаңа кондиция.
                                 ЖШС қаржысы инвес.  да қорларды
                                 тициялар            қайта бекiту

  1996-2000         15000        Қазақстан Эксимбан. Концентранттар
                                 кi, инвестициялар   шығару /мың
                                                     тонна/.
                                                     ильмениттi-33,1
                                                     рутильдi-17,7
                                                     цирконийлi-26,5

     1996             500        "Шоқаш" БШК қаржысы Қорларды бекiту

  1996-2000         15000        Қазақстан Эксимбан. Концентранттар
                                 кi, инвестициялар   шығару /мың
                                                     тонна/.
                                                     ильмениттi-26,7
                                                     рутильдi-7,6
                                                     цирконийлi-4,0

  1996-1998          3000        Бұл да сол          Гидравликалық
                                                     тәсiлмен селек.
                                                     тивтi концентрат.
                                                     тарды өндiрудiң
                                                     технологиясын
                                                     пысықтау, пигмент
                                                     алу жөнiнде тәжi.
                                                     рибе жүргiзу

  1997-1998          500         "Ертiс" АҚ қаржысы, Кен орнын өнер.
                                 инвестициялар       кәсiптiк игеруге
                                                     дайындау

  1996-2000        10000         Республикалық бюд.  Өнеркәсiптiк
                                 жет қаржысы есебi.  игеруге жаңа кен
                                 нен                 орындарын табу
                                                     және дайындау

                                                     Комбинаттың титан
                                                     қождарына мұқтаж.
                                                     дығын қамтамасыз
                                                     ету

                    8100                             1-шi пеш - 40 мың
                                                     тонна қож

                                 Қазақстан Эксимбан. 2-шi пеш - 40 мың
                                 кi, инвестициялар   тонна қож

                   7000          Бұл да сол

                   2670                              50 мың тонна қож

  1996-1997        260           "Өскемен ТМК" АҚ    Карналит қорларын
                                 қаржысы есебiнен    бекiту

     1996          640           "Ертiс" АҚ,         Жылына 7,5 мың
                                 инвестициялар       тонна магнезит
                                                     шығару

     1997           20           Республикалық бюд.  магний тұздарын
                                 жет қаржысы есебi.  алумен көл шөгiн.
                                 нен                 дiлерiн игерудiң
                                                     техника-экономи.
                                                     калық есебi

  1996-2000         1000         Республикалық бюд.  Магнийлi шикi.
                                 жет қаржысы есебi.  заттардың жаңа
                                 нен                 кен орындарын
                                                     табу, оларға
                                                     өнеркәсiптiк
                                                     баға беру

     1996           1200         Қазақстан Эксимбан. өндiрiстi маг.
                                 кi, инвестициялар   нийлi шикiзат.
                                                     тармен қамта.
                                                     масыз ету

     1998         40200          Бұл да сол          20 мың тонна
                                                     титан пигментiн
                                                     шығаруды ұйым.
                                                     дастыру,
                                                     Қазақстанның
                                                     лак-бояу өнiм.
                                                     дерiне мұқтаж.
                                                     дығын қамтамасыз
                                                     ету

     1998         30000          Қазақстан Эксимбан. Магний өндiрiсi.
                                 кi, инвестициялар   нiң тиiмдiлiгiн
                                                     арттыру

     1998          3400          Бұл да сол          Карналиттен темiр
                                                     тотықты пигмент
                                                     iлеспе өнiмiн
                                                     алумен қалдықсыз
                                                     өндiрiске көшу

     1998          2000          Бұл да сол          Жылына 4,5 млн.
                                                     текше метр ауыз
                                                     су беру 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады