1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi бiр апта мерзiмде "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының 36 процент мөлшерiндегi мемлекеттiк пакетiн келiсiлген шарттарда "Спешиалти Металз Компани" басқарушы фирмасына тiкелей атаулы сатуды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне берсiн.
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi