Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 1184. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.04. N 206 қаулысымен.

      "Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3590  өкiмiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.

      2. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

      3. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес; 
      екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 1244  қаулысымен  бекiтiлген 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистикасын жетiлдiру Бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шараларын орындау жөнiндегi Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң ұйымдастыру жоспарына қажеттi өзгерiстердi әзiрлеп, енгiзсiн; 
      1997 жылдың 1 қарашасына дейiн Ведомствоаралық кеңестiң отырысында Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгiнiң Статистикалық және ұйымдастыру жұмыстарының жоспарын және 1998 жылы шығарылатын статистикалық материалдардың тiзбесiн қарап, оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгi екi апта мерзiм iшiнде 1998-1999 жылдарға арналған мемлекеттiк статистиканы реформалаумен байланысты шығындарды республикалық бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi, Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес мақұлдаған ұсынысты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын.

     5. "Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикалық статистиканы үйлестiру жөнiндегi республикалық жұмыс комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1413 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 29 шiлдедегi    
N 1184 қаулысына       
қосымша            

      ЕСКЕРТУ.  Қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.05.06. N  412 , Қосымша жаңа редакцияда - 1999.12.25. N  1984 , құрам өзгерді - 2000.10.02. N  1487 , 2001.03.02. N  320 , 2002.03.18. N  326 , 2002.12.03. N  1277 , құрам өзгерді - 2003.04.29. N  409 , құрам өзгерді - 2003.09.30. N  1005 , 2004.01.29. N  104 , 2004.06.17. N  665  қаулыларымен.
        

              Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі
                      ведомствоаралық кеңестің
                               Құрамы

      Есiмов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Ахметжан Смағұлұлы        Министрінің орынбасары, төраға

     Әбдиев                  - Қазақстан Республикасы Статистика
     Қали Сейілбекұлы          жөніндегі агенттігінің төрағасы,
                               төрағаның орынбасары 
 
     Белоног                 - Қазақстан Республикасының Денсаулық
     Анатолий Александрович    сақтау вице-министрi - Қазақстан
                               Республикасының Бас мемлекеттік
                               санитарлық дәрiгерi

     Таймерденов             - Қазақстан Республикасының
     Мейрамбек Таймерденұлы    Әділет министрлігі Тіркеу қызметі
                               комитетінің төрағасы

     Тоқаев Әкбар            - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Қуанышбайұлы              Министрінің Кеңсесі Жиынтық
                               талдау бөлімінің меңгерушісі
 
     Әшитов                  - Қазақстан Республикасының Еңбек
     Батыржан Зайырқанұлы      және әлеуметтiк қорғау вице-министрi

                  Ведомствоаралық кеңестің мүшелері

     Котенко                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
     Наталья Леонидовна        Министрінің Кеңсесі Экономикалық
                               бөлімінің меңгерушісі

     Әбдiқадырова            - Қазақстан Республикасының Бiлiм
     Айман Нұрқасымқызы        және ғылым вице-министрi

     Айманбетова             - Қазақстан Республикасының
     Гүлбану Зарлыққызы        Ұлттық Банкi Төрағасының
                               орынбасары (келiсiм бойынша)
 
     Никитинский             - Қазақстан Республикасының
     Евгений Сергеевич         Туризм және спорт жөнiндегi
                               агенттiгi төрағасының орынбасары
 
 
     Әбдiшев                 - Қазақстан Республикасының Кедендiк
     Бауыржан Түйтейұлы        бақылау агенттігi төрағасының
                               орынбасары

     Дауранов                - Қазақстан Республикасының
     Шамиль Абдулович          министрлiгi Экономикалық саясат және
                               индикативтiк жоспарлау
                               департаментінің директоры

     Исекешев                - Қазақстан Республикасының
     Әсет Өрентайұлы           Индустрия және сауда вице-министрi

     Ойнаров                 - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Азамат Рысқұлұлы          вице-министрi

     Ізмұхамбетов            - Қазақстан Республикасының
     Бақтықожа Салахатдинұлы   Энергетика және минералдық
                               ресурстар бірінші вице-министрі

     Эльзенбах               - Қазақстан Республикасының
     Ирина Яновна              Статистика жөніндегі агенттігі
                               Статистикалық ақпаратты талдау
                               және жариялау департаменті
                               директорының орынбасары, жауапты
                               хатшы         

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
1997 жылғы 29 шiлдедегi   
N 1184 қаулысымен       
бекiтiлген         

  Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi
ведомствоаралық кеңес құру туралы
ЕРЕЖЕ

                            I. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi ведомствоаралық кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады және: 
      мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi шаралар жоспарын айқындау; 
      статистиканы жетiлдiру процесiн iске асыру жөнiнде ҚазақстанРеспубликасының Үкiметi, мемлекеттiк органдары үшiн ұсынымдар әзiрлеу мақсатында құрылады.

     2. Кеңес өзiнiң жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де заңдарды, нормативтiк құқықтық актiлердi және осы Ереженi басшылыққа алады.

                 II. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi

     3. Осы Ереженiң 1 және 2-тармақтарына сәйкес Кеңес жұмысының негiзгi мiндеттерi:
     мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне ғылыми-әдiстемелiк жетекшiлiк жасау және оның халықаралық стандартқа сай болуын қамтамасыз ету;
     статистикалық есептiң жаңа әдiстемелерi мен нысандарын қарау;
     мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрумен байланысты шаралар жоспарын әзiрлеу;
     Қазақстан Республикасының Үкiметiне мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру процесiне байланысты ұсыныстарды, ұсынымдарды, нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды енгiзу болып табылады. 

                  III. Қызметiн ұйымдастыру 

      4. Кеңестi Кеңес төрағасы басқарады.

      5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру, кеңес отырысын өткiзуге дайындықты, тиiстi материалдарды, Кеңес ұсынымдарын әзiрлеудi Кеңестiң жауапты хатшысы жүзеге асырады.

      6. Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.12.03. N 1277  қаулысымен .

      7. Кеңес отырысы оның төрағасының өз бастамашылығымен, Кеңестiң жауапты хатшысының бастамашылығымен не Кеңестiң қарауына енгiзуге ұсынатын материалдарының негiзiнде Кеңес мүшесiнiң бастамашылығымен шақырылады.

      8. Кеңес шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады, хаттамамен ресiмделедi және ұсыным сипатында болады.

      9. Мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi Үкiмет қарауына Кеңес құрамының кемiнде жартысымен ауызша немесе жазбаша келiсiм бойынша Кеңестiң төрағасының немесе Кеңес хатшысының атынан шығарылады.

      10. Кеңес жұмысын ұйымдастыру мемлекеттiк статистиканы дамыту мен жетiлдiруге халықаралық ұйымдар желiсi бойынша бөлiнетiн гранттар мен техникалық көмек қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 

      11. Кеңестiң ұсынысы бойынша мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi әдiстемелiк және нормативтiк құжаттарды әзiрлеу үшiн мемлекеттiк органдардың, өзге ұйымдардың мамандары, сондай-ақ шетел мамандары шақырылуы мүмкiн. 

О создании Межведомственного совета по совершенствованию государственной статистики

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 1997 г. N 1184. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 4 марта 2005 г. N 206 (P050206)

      В соответствии с распоряжением  Президента Республики Казахстан от 7 июля 1997 г. N 3590 "О мерах по совершенствованию государственной статистики" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Образовать Межведомственный совет по совершенствованию государственной статистики в составе согласно приложению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Межведомственном совете по совершенствованию государственной статистики.

      3. Межведомственному совету по совершенствованию государственной статистики:
      в двухмесячный срок разработать и внести необходимые изменения в организационный план Государственного комитета Республики Казахстан по статистике и анализу по выполнению мероприятий по реализации Программы совершенствования государственной статистики в Республике Казахстан на 1996-1998 годы, утвержденной постановлением  Правительства Республики Казахстан от 8 октября 1996 г. N 1244;
      до 1 ноября 1997 года рассмотреть на заседании Межведомственного совета План статистических и организационных работ Национального статистического агентства Министерства экономики и торговли Республики Казахстан и перечень выпускаемых статистических материалов в 1998 году и внести их на утверждение Правительства Республики Казахстан.

      4. Национальному статистическому агентству Министерства экономики и торговли Республики Казахстан в двухнедельный срок представить в Министерство финансов Республики Казахстан предложения, одобренные Межведомственным советом по совершенствованию государственной статистики, по финансированию из республиканского бюджета затрат, связанных с реформированием государственной статистики на 1998-1999 годы.

      5. Признать утратившим силу постановление  Правительства Республики Казахстан от 31 октября 1995 г. N 1413 "О создании Республиканской рабочей комиссии по координации национальной экономической статистики Республики Казахстан".

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Приложение        
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 29 июля 1997 г. N 1184 

Состав
Межведомственного совета по совершенствованию
государственной статистики

      Сноска. Состав совета - в редакции постановления Правительства РК от 25 декабря 1999 г. N 1984  . Внесены изменения - постановлением Правительства РК от 2 октября 2000 г. N 1487 ; от 2 марта 2001 г. N 320  ; от 18 марта 2002 г. N 326 ; от 3 декабря 2002 г. N 1277 ; от 29 апреля 2003 г. N 409  ; от 30 сентября 2003 г. N 1005  ; от 29 января 2004 г. N 104 ; от 17 июня 2004 года N 665 .

Есимов Ахметжан Смагулович       - Заместитель Премьер-Министра
                                   Республики Казахстан,
                                   председатель

Абдиев Кали Сеильбекович         - Председатель Агентства
                                   Республики Казахстан по
                                   статистике, заместитель
                                   председателя      

     
Эльзенбах                        - заместитель директора
Ирина Яновна                       Департамента анализа и публикации
                                   статистической информации
                                   Агентства Республики Казахстан по
                                   статистике, ответственный
                                   секретарь

                     Члены Межведомственного совета

Котенко Наталья Леонидовна      - заведующая Экономическим
                                  отделом Канцелярии
                                  Премьер-Министра
                                  Республики Казахстан 

Таймерденов                     - Председатель Комитета
Мейрамбек Таймерденович           регистрационной службы
                                  Министерства юстиции
                                  Республики Казахстан

Тукаев                          - заведующий Сводным
Акбар Куанышбаевич                аналитическим отделом
                                  Канцелярии Премьер-Министра
                                  Республики Казахстан     

Абдыкадырова Айман Нуркасымовна - вице-Министр образования
                                  и науки Республики Казахстан

                 
Айманбетова Гульбану Зарлыковна - заместитель Председателя
                                  Национального Банка   
                                  Республики Казахстан
                                  (по согласованию)
                                  
Никитинский Евгений Сергеевич   - заместитель Председателя
                                  Агентства Республики
                                  Казахстан по туризму и спорту
                                  
Ашитов                          - вице-министр труда и
Батыржан Заирканович              социальной защиты населения
                                  Республики Казахстан

Абдишев Бауржан Туйтеевич       - заместитель Председателя
                                  Агентства таможенного контроля
                                  Республики Казахстан
     
Дауранов Шамиль Абдулович       - директор Департамента
                                  экономической политики и
                                  индикативного планирования
                                  Министерства экономики и
                                  бюджетного планирования
                                  Республики Казахстан
     
Исекешев Асет Орентаевич        - вице-министр индустрии и
                                  торговли Республики Казахстан
     
Ойнаров Азамат Рыскулович       - вице-министр финансов
                                  Республики Казахстан

Белоног Анатолий Александрович  - вице-министр здравоохранения
                                  Республики Казахстан - Главный  
                                  государственный санитарный врач
                                  Республики Казахстан
Измухамбетов                    - первый вице-министр энергетики и
Бактыкожу                         минеральных ресурсов Республики
Салахатдинович                    Казахстан

Утверждено       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 29 июля 1997 г. N 1184

Положение
о Межведомственном совете по совершенствованию
государственной статистики

I. Общие положения

      1. Межведомственный совет по совершенствованию государственной статистики (далее - Совет) является консультативно-совещательным органом Правительства Республики Казахстан и создается в целях:
      определения плана мероприятий по совершенствованию государственной статистики;
      выработки рекомендаций для Правительства, государственных органов Республики Казахстан по осуществлению процесса совершенствования статистики.

      2. Совет в своей работе руководствуется Конституцией  Республики Казахстан, Законом  Республики Казахстан "О государственной статистике", иными законами, нормативными правовыми актами и настоящим Положением.

II. Основные задачи Совета

      3. В соответствии с пунктами 1 и 2 настоящего Положения основными задачами работы Совета являются:
      осуществление научно-методического руководства процессом совершенствования государственной статистики и обеспечение ее соответствия международным стандартам;
      рассмотрение новых методик и форм статистической отчетности;
      разработка плана мероприятий, связанных с совершенствованием государственной статистики;
      внесение в Правительство Республики Казахстан предложений, рекомендаций, нормативных и методических документов, связанных с процессом совершенствования государственной статистики.

III. Организация деятельности

      4. Возглавляет Совет председатель Совета.

      5. Организацию работы, подготовку к проведению заседаний Совета, подготовку соответствующих материалов, рекомендаций Совета осуществляет ответственный секретарь Совета.

      6. Рабочим органом Совета является Агентство Республики Казахстан по статистике. <*>

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правительства РК от 3 декабря 2002 г. N 1277 .

      7. Заседание Совета созывается его председателем по собственной инициативе, инициативе ответственного секретаря Совета либо по инициативе члена Совета на основании предлагаемых им материалов, выносимых на рассмотрение Совета.

      8. Решения Совета принимаются большинством голосов его членов, оформляются протоколом и носят рекомендательный характер.

      9. Предложения по совершенствованию государственной статистики выносятся на рассмотрение Правительства Республики Казахстан от имени Совета председателем или ответственным секретарем Совета по устному или письменному согласованию не менее чем с половиной состава Совета.

      10. Организация работы Совета может осуществляться за счет грантов и средств технической помощи, выделяемых по линии международных организаций на развитие и совершенствование государственной статистики.

      11. По предложению Совета для разработки методических и нормативных документов по совершенствованию государственной статистики могут приглашаться специалисты государственных органов, иных организаций, а также зарубежные специалисты.