1. "Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 29 шілдедегі N 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
1) Мемлекеттік статистиканы жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамына мыналар:
Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Арман Тергеуұлы Айдарханов - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары;
Петр Петрович Нефедов - Қазақстан Республикасының Энергетика,
индустрия және сауда вице-министрі;
Мырзақасым Ниязбекұлы Байбеков - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі Департамент директорының орынбасары, жауапты хатшы болып енгізілсін;
2) көрсетілген құрамнан Ерболат Асқарбекұлы Досаев, Марат Әбсәметұлы Құсайынов, Мәрия Нұрғалиқызы Омарова, Николай Владимирович Радостовец шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі