Бағдарламаның үшiншi кезеңiн жүзеге асыру және электр энергиясының еркiн нарығын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi мен "KEGOS" Электр жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамы ұсынған электр энергиясының нарығын ұйымдастыру моделi қабылдансын және 1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы нарығын одан әрi дамыту бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы нарығын одан әрi дамыту бағдарламасына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастырушының функцияларын "KEGOC" Электр жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамы жүзеге асырады деп белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 1997 жылдың 29 тамызына дейiн мерзiмде электр беру желiлерi бойынша электр энергиясын тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдiстемесiн әзiрлеп, бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстары министрлiгi:
1997 жылдың 10 тамызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып, заңдарда белгiленген тәртiппен "KEGOC" Электр жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына "Ерекше мемлекеттiк меншiктегi және 1996-1998 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1336 P961336_ қаулысына сәйкес 1996-1998 жылдары жекешелендiруге жатпайтын электр беру желiлерiн беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен және Экономика
және сауда министрлiгiмен бiрлесе отырып, электр энергиясы нарығының жұмыс iстеуiн нормативтiк-құқықтық базасын дайындауды қамтамасыз етсiн; бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсе отырып, Үкiметтiң бұрын қабылдаған шешiмдерi мен ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 31 шiлдедегi N 1193 қаулысымен бекiтiлген 1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы нарығын одан әрi дамыту бағдарламасы Осы Бағдарлама: Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясы нарығын ұйымдастыру моделiн;
республика аумағында электр энергиясы нарығын дамыту жөнiндегi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимылының кезең-кезеңдiк жоспарын; Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi мен "KEGOS" электр жүйелерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы" акционерлiк қоғамының электр энергиясының бәсеке қабiлетi бар, өзiн-өзi реттейтiн нарығын құру жөнiндегi мiндеттерiн, осы саладағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары мен әдiстерiн айқындайды. 1. Қазақстан Республикасының аумағында электр энергиясы нарығын ұйымастырудың моделi Инфрақұрылым Электр энергиясын беру жүйелерiн ұйымдастыру. Электр энергиясын беру жүйелерi үш деңгейге бөлiнедi: аймақаралық, аймақтық және жергiлiктi.
Аймақаралық деңгей электр энергиясын берудiң ұлттық жүйесiн құрайтын және электр энергиясын жалпы пайдаланыстағы өндiрушiлерден және өндiрушi аймақтық жүйелерден тұтынушы аймақтық жүйелер мен аса iрi тұтынушыларға жеткiзетiн 1150, 500 және 220 кВ жоғары кернеулi желiлерден тұрады. Тасымалдау құны берiлген энергия көлемiне және өндiрушi мен тұтынушы арасындағы ара қашықтыққа қарай сараланған тариф арқылы есептеледi.
Аймақтық деңгей электр энергиясын аймақаралық деңгей жүйелерiнiң көмекшi станцияларынан, жергiлiктi шағын өндiрушiлерден үлкен және орташа қуатты түпкiлiктi тұтынушылар мен ықшам аудандар жүйелерiне қызмет көрсететiн тарату кәсiпорындарына жеткiзетiн 110, 35 және одан төмен кВ аймақтық ЭБЖ тұрады. Осы жүйелер бойынша тасымалдау тарифi кiру үшiн төленетiн ақы түрiнде белгiленедi. Кең аумақты аймақтарда аймақты зоналарға бөлуге жол берiледi; бұл ретте кiру үшiн ақы энергия көзiнен тұтынушыға дейiн аймақтық шекарасын әрбiр қиып өткен сайын алынады.
Жергiлiктi деңгей энергияны аз қуат тұтынатын түпкiлiктi тұтынушылар мен халыққа жеткiзудi жүзеге асыратын ықшам аудан масштабының жүйелерi түрiнде болады. Тариф кiруге төленетiн ақы түрiнде белгiленедi.
Электр энергиясын жүйелер бойынша тасымалдау тарифтерiн
барынша төмендету
Электр энергиясын тасымалдау тарифтерiн барынша төмендету мақсатында жүйелердi шектелген уақыт кезеңiне мүлiктiк жалға берудi (жүйелердiң деңгейiне қарай - 1 жылдан 5 жылға дейiн) тәжiрибеге енгiзу көзделiп отыр. Бұл ретте үмiткерде жүйелердi дамыту бағдарламасының болуы, осы бағдарламада жабдықтарды ауыстыру нормаларының және сенiмдiлiк резервi жөнiндегi талаптардың:
аймақаралық жүйелер бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
аймақтық және тарату жүйелерi бойынша - жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеуге тиiс талаптардың орындалуы жалдаудың мiндеттi шарттары болуға тиiс.
Жүйелердi мүлiктiк жалға беру мүмкiн болмаған жағдайда (олар жекешелендiрiлген жағдайда және басқа да себептермен), оларға арнайы әдiстеме бойынша монополияға қарсы реттеу шаралары қолданылады.
Сапаны бақылау және диспетчерлендiру
Электр энергиясының қажеттi сапасын (жиiлiк тұрақтығын) қамтамасыз ету үшiн энергия өндiрушi станцияларда жедел қуаттың жеткiлiктi қоры болуы тиiс. Электр энергиясы нарығының қатысушылары энергия агрегаттарының қосымша қуат қажет болмаған кезеңдегi ерiксiз бос тұрғаны үшiн қажеттi артық қуатты алу үшiн опциондар сатып алу арқылы ақы төлеуi тиiс.
Алынған және тұтынылатын қуаттың сәйкестiлiгiне бақылауды Ұлттық энергия жүйесiнiң Орталық диспетчерлiк басқармасы жүзеге асырады.
Нарықтың тетiгi
Көтерме сауда нарығы
Энергия өндiрушi станциялар технологиялық шарттар бойынша өз энергия агрегаттарының негiзгi және жедел қуаттарын айқындайды және күнтiзбелiк жұмыс жоспарына сәйкес форвардтар мен опциондардың тиiстi санын шығарады.
Форвардтар сатушының сатып алушыға нақтылы уақыт кезеңiнде нақты қуаттағы электр энергиясын беру жөнiндегi келiсiм-шарттар болып табылады. Қуатты сатып алу мен берудi бастаудың арасындағы мерзiмдi өндiрушi белгiлейдi.
Опциондар артық және қарбалас жүктемелер кезiнде жедел қуатты өзгертудi төлеу үшiн сатылады.
Электр энергиясын көтерме сатып алушылар (сауда компаниялары, энергияпулдар және iрi өнеркәсiп орындары) өздерiнiң қуатқа деген қажеттiлiктерiн дербес айқындайды және қалыптасқан бағаларға сүйене отырып, форвардтар мен опциондардың қажеттi санын сатып алады. Бұл ретте форвард сатып алғанда алынған және тұтынылған энергияның арасында дәлме-дәл сәйкестiк болуға тиiс, өйткенi диспетчерлiк басқарма электр энергиясының артық немесе кем тұтынылуына жол бермейдi.
Қуаттың тербелiсiн реттеу опциондар арқылы жүзеге асырылады. Жедел қуат өндiрушiлер үшiн форвардтар бойынша түсiмнiң деңгейiнде алуды күтетiндiктен (олай болмаған жағдайда жедел қуаттың төмен бағасы оның көлемдерiнiң тарылуы әкеп соғады), көтерме сауда нарығында жедел қуат опциондарының бағасы форвардтардың құнымен бара-бар болуы тиiс.
Форвардтар мен опциондарды сатып алу-сату биржаларда, биржадан тыс нарықта немесе аймақаралық электр жүйелерiн басқару жөнiндегi компания ұйымдастыратын сауда жүйесiнде жүргiзiледi. Барлық мәселелер электр жүйелерiн басқару жөнiндегi компанияда диспетчерлендiру
жөнiнде өкiмдер әзiрлеу үшiн ашылған депозитарийде тiркеледi. Бөлшек сауда нарығы Энергияны көтерме бағамен сатушылар стандарттық тұтыну және қарбалас жүктемелер бойынша өздерi дайындаған есептерге сәйкес форвардтар мен опциондар сатып алады, түпкiлiктi тұтынушылар мен дилерлiк компанияларға "нақтылы" сату үшiн қуат резервiн қалыптастырады. II. Бiрiншi кезең: нарықтың инфрақұрылымын құру (1997 жылдың тамызы - 1998 жылдың мамыры) Жүйелердiң құрылымы
Бұл кезеңде сенiмдiлiктi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету принциптерiнде аймақаралық электр жүйелерiн қалыптастыру және бәсекелестiк ортаны дамыту үшiн жағдайлар жасау аяқталады. "KEGOC" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына 1996-1998 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын электр беру желiлерiнiң тiзбесiне сәйкес электр беру желiлерi берiледi.
Аймақтың энергетикалық тарату компаниялары функционалдық белгiсi бойынша бөлiнедi. Монополиялық функцияны (электр энергиясын тасымалдау) жүзеге асыратын активтер 1997 жылдың аяғына дейiн жеке кәсiпорын болып бөлiнедi.
Желiлер бойынша тасымалдау тарифтерiн монополияға қарсы органдар реттейдi.
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер жүйелердi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында 1997 жылдың аяғына дейiн тарату жүйелерiн оларға қызмет көрсету жөнiндегi жеке кәсiпорындар құра отырып, аудандық деңгейге дейiн одан әрi бөлудiң орындылығы туралы және тарифтердi есептеудiң үш әдiстемесiнiң: қашықтыққа қарай, аймақтар бойынша ақы төлеу және "кiру үшiн төлем" - бiрiнiң қолданылуы туралы шешiм қабылдауы тиiс.
Осымен бiрге электр энергиясын тасымалдау жөнiндегi қызмет көрсету тарифiн есептеу үшiн бiрыңғай әдiстеме (1997 жылдың тамызы) және жүйелердi мүлiктiк жалға беру жөнiндегi шарттар (1998 жылдың наурызы) әзiрленуге тиiс.
"KEGOC" АҚ барлық деңгейдегi жүйелердiң электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарымен және телебасқару құралдарымен (1997 жылдың қазан, ал төмен деңгейдегi жүйелер үшiн - 1998 жылдың мамыры) жарақтандырылуы үшiн қажеттi жұмыс жүргiзуi тиiс.
Электр энергиясын берiп тұру
Электр энергиясын берiп тұру фукнцияларын энергияның көтерме берiп отырушыларына тапсыру көзделiп отыр. Жергiлiктi атқарушы органдар энергияның бәсекелес берiп тұрушыларының пайда болуы үшiн жағдай жасауы тиiс.
Электр энергетикасы саласының экономикалық тұрақтылығын арттыру мақсатында электр энергиясын берiп тұрушылар босатылған электр энергия үшiн қаражат жөнiнде қатаң саясат жүргiзуге мәжбүр болады. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "KEGOC" АҚ және электр энергиясын көтерме сатушылармен бiрлесе отырып, осыған байланысты қажеттi түсiндiру жұмыстарын жүргiзуге тиiс болады.
Осы кезеңдегi "KEGOS" АҚ:
шеттен қаржыландыруды пайдалана отырып, өндiрушiлерден жедел келiсiм -шарттар бойынша энергияны көтерме сатып алушы болуға;
жасалған келiсiм-шарттардың негiзiнде қуатты басқару технологиясын қалыптастыруға;
1998 жылдың наурызына дейiн келiсiм-шарттарды есепке алу жүйелерiн (депозитарийлердi), сауда жүйесiн әзiрлеуге тиiс болады.
Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi аумақтық комитеттер монополиялық берiп тұрушылардың электр энергиясының тарифтерiн реттеуге тиiс болады. Жоғары бәсекелестiк деңгейi бар аймақтарда жұмыс iстейтiн электр энергиясын берiп тұрушылардың электр энергиясының бағасын реттеуден босатылуы тиiс.
III. Екiншi кезең: нарықтық тетiктi iске қосу
(1998 жылдың маусымы - 1998 жылдың желтоқсаны)
Жүйелердiң құрылымы
Мемлекет меншiгiндегi электр жүйелерiн тарату кәсiпорындары бұл кезеңде мүлiктiк жалға берiлуге тиiс. Осы кәсiпорындар бойынша электр энергиясын тасымалдау тарифтерi басқарушы компаниялардың жүйелердi басқару құқығы үшiн бәсекелестiк күрес нәтижесiнде қалыптасатын болады. Жеке меншiктегi тарату жүйелерiнiң қызметi электр энергетикасы жөнiндегi мемлекеттiк реттеу комиссиясының тарапынан реттеуге жатады. Жүйелердi басқаратын барлық компаниялардың қызметi лицензияланады.
Электр энергиясын берiп тұру
Өндiрушi станциялар 1998 жылдың қыркүйегiнен бастап электр энергиясын қолданылып жүрген схема бойынша (өтiнiм-факттөлем) сатуды тоқтатады және электр энергиясын тұрақты қуат берiп отыру жөнiндегi (форвардтар) келiсiм-шарттардан және шетел қуат алу (опциондар) жөнiндегi келiсiм-шарттардан құрылған шұғыл келiсiм-шарттар негiзiнде сататын болады. Сауда жүйесi мен шұғыл келiсiм-шарттарды есепке алу жүйесi (депозитарий) жұмыс iстейтiн болады. Қуаттарды орталық диспетчерлiк басқару кезең-кезеңiмен депозитарийден берiлетiн бұйрықтар бойынша басқаруға көшiрiледi. Осы мақсатта жүйелердi пайдаланудың мiндеттi шарттарының бiрi электр энергиясын берiп тұру жөнiндегi келiсiм-шарттарды тiркеу болуға тиiс. 1998 жылдың қыркүйегiнен бастап "KEGOC" акционерлiк қоғамының құрамынан электр энергиясының дербес көтерме сатушысы болатын сауда құрылымын шығару көзделiп отыр.
Электр энергиясының көтерме сатушылары станциялар мен жүйелердегi авариялардың зардаптарын өтеу үшiн өзара сақтандыру қорын құруы қажет болады (1998 жылдың қыркүйегi). Қор авариялар мен апаттар кезiнде энергиямен жабдықтауды тұрақтандыру жөнiндегi қуаттың қажеттi резервiн сақтауға байланысты шығыстарды өзiне алады.
1998 жылдың аяғына дейiн "KEGOC" АҚ мүлiктiк жалға беру көзделiп отыр. Мүлiктiк жалға беру шарттарының бiрi аймақтардың электрмен жабдықталуына жәрдемдесу әрекетiн жасайтын электр беру желiлерiн салу мiндеттемесi болуға тиiс.
IV. Үшiншi кезең: бәсекелестiктi дамыту
(1999 жылдың қаңтары - 2000 жылдың желтоқсаны)
Жүйелердiң құрылымы
Электр энергиясын тасымалдаудың барлық тарифтерi мүлiктiк жалға алу құқығы үшiн бәсекелестiк күрес нәтижесiнде не мемлекеттiк монополияға қарсы реттеу жолымен белгiленедi.
Электр энергиясын берiп тұру
Көтерме сауда нарығында форвардтар мен опциондарды сату қолданылады. Электр энергиясы бағаларының алыпсатарлық тербелiсi көтерме сауда нарығының ережелерiмен өтелуге тиiс.
Бөлшек сауда нарығында энергияның көтерме берiп тұрушылары дилерлiк компаниялар құрады. Тұтынушылардың белсендi бөлiгi де өз тарапынан көтерме сатушылардан электр энергиясын сатып алу үшiн өз қауымдастықтарын құрады. Қазақстан Республикасының Үкiметi электр энергиясын жеке берiп тұрушыларды қолдау және монополияға қарсы заңдарды дамыту арқылы электр энергиясының бөлшек сауда нарығында бәсекелестiктi дамыту жөнiнде күш салатын болады. Бәсекелестiктiң дамуына қарай электр энергиясының бағаларын реттеудi жою көзделiп отыр.