Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 мамыр N 663

      Республика экономикасы мен халқының тыныс-тiршiлiгi үшiн электр энергетикасының аса маңыздылығын, саланың жұмыс iстеу ерекшелiктерiн ескере отырып, электр энергетикасының тұрақтануы мен дамуы үшiн ұйымдық-экономикалық жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Электр энергетикасындағы жекешелендiру және қайта құрылымдаудың берiлiп отырған Бағдарламасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң ұсынысы бойынша бiр ай мерзiм iшiнде 1996 жылға арналған электр энергетикасы кешенiнiң объектiлерiн акционерлендiру жоспарын бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1996 жылдың екiншi тоқсанында энергетика жүйелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелерiн белгiленген тәртiппен 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қарауына берсiн.
      Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi жылумен жабдықтаудың қалалық акционерлiк компанияларын құру және олардың 1996-1997 жылдардағы жылу беру кезеңi басталғанға дейiн қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдық шараларды жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне және Қазақстан Республикасының
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне:
     "Қазақстанэнерго" Ұлттық энергетикалық жүйесi құрамынан өз
бетiмен қайта құрылған акционерлiк iрi электр станциялар 2-қосымшаға
сәйкес шығарылсын;
     осы Бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайын Қазақстан
Республикасының Үкiметiне хабарлама ұсынсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 мамырдағы
                                          N 663 қаулысымен
                                            БЕКIТIЛГЕН
     
              Электр энергетикасында жекешелендiру
                     және қайта құрылымдау
                         БАҒДАРЛАМАСЫ 
     


      Осы Бағдарлама 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және қайта құрылымдау Бағдарламасы шеңберiнде әзiрлендi.
      Бағдарлама қайта құрылымдаудың тәртiбi мен дәйектiлiгiн, сала ерекшелiгiн ескере отырып, тұтынушылардың барлық топтарын энергиямен жабдықтаудың сенiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк электр энергетикасы секторын жекешелендiрудi жүргiзуге принциптi ыңғайлы, энергиямен жабдықтауды басқарудың жаңа ұйымдастыру-экономикалық тетiктерiн құру жолымен салаға отандық және шетел инвестицияларын тартуды айқындайды.
      Қойылған мақсаттар мыналар арқылы жүзеге асырылады:
      электр энергиясының өндiрiсiне бәсекелестiктi енгiзу және электр энергиясын ұлттық көтерме нарығын құру жолымен оны тәуелсiз беру;
      жоғары және төмен кернеулi электр тораптары жұмысын реттеудiң ашық процесiн енгiзу, сондай-ақ электр және жылу энергиясын беруге байланысты қызметтi реттеу;
      энергетикалық секторда баға белгiлеудi реттеу құқықтарын жаңа тәуелсiз мемлекеттiк орган - Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссияға беру;
      жылу және электр энергиясын өндiрушiлер мен тұтынушылар жауапкершiлiгiнiң төлем-қаржылық тетiгiн құру.
      Электр энергетикасы секторы монополистiк және бәсекелестiк сипатына ие болады. Монополияларды (жоғары және төмен кернеулi электр топтарының жұмысы, электр мен жылу энергиясын тасымалдаумен байланысты қызмет) - мемлекет, ал бәсекелестiк элементтердi (электр энергиясын өндiру) - нарықтың өзi реттейдi.
      Электр энергиясының ұлттық көтерме нарығының субъектiлерi iрi генеративтiк компаниялар, Ұлттық электр энергетика жүйесi, облыстық көтерме электртораптық компаниялар, аралас мемлекеттер (электр энергиясын өндiрушiлер мен тұтынушылар), сондай-ақ ұлттық электр торабынан тiкелей қамтылатын өнеркәсiптiк тұтынушылар болады.
      Аймақтық нарықтық субъектiлерi Ұлттық электр энергетика жүйесi, жылу электр станциялары, аймақтық электр тораптары, басқа да энергия өндiрушi ұйымдар және электр энергиясын тұтынушылар болады.

               Қазақстан электр энергетикасы ұйымдары
                ерекшелiктерiнiң қысқаша сипаттамасы

      Қазiргi уақытта Қазақстан электр энергетикасы құрамында он электр энергетика жүйесi бар - Ұлттық және әкiмшiлiктiк-аумақтық принципi бойынша құрылған тоғыз аймақтық электр энергетика жүйесiне құрылған Бiрiккен электр энергетика жүйесi (Қазақстанның БЭЖ) түрiндегi тiкелей интеграцияланған өндiрiстiк құрылым болып есептеледi.
      Құрамына Қазақстанның Бiрiккен диспетчерлiк басқармасы, базалық жылу және гидравликалық электр станциялар, аймақ-аралық және мемлекетаралық электр топтары кiретiн "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетика жүйесi республикадағы электр энергиясының негiзгi өндiрiсiн, энергия жүйелерiнен және басқа өндiрушiлерден артық электр энергиясын сатып алуды қамтамасыз етедi, Ресей мен Орта Азия БЭЖ-мен қатарлас жұмысты және Қазақстан аймақтары арасында электр энергиясын бөлудi жүзеге асырады.
      Электр станциялардан, электр және жылу тораптарынан тұратын аймақтық энергия жүйесi электр және жылу энергиясын өз электр станцияларында өндiрудi, Ұлттық энергия жүйесiнде электр энергиясын сатып алуды (немесе Ұлттық энергия жүйесiне сатуды), Қазақстанның қызмет көрсетiлетiн аймағына электр және жылу энергиясын берудi, таратуды және өткiзудi қамтамасыз етедi.
      Уақыттың әрбiр ағымдағы сәтiнде республиканың барлық аумағында электр энергиясын өндiру және тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етуге бiрыңғай диспетчерлiк кесте бойынша экономикалық жағынан неғұрлым тиiмдi режимдi қазақстанның БЭЖ электр энергетика жүйелерiндегi технологикалық режимдердi басқаруды орталықтандырумен қол жеткiзiледi.
      Электр энергетикасының қызмет етуi мен дамуын электр

энергетикасы кешенiнiң мынадай арнайы ұйымдары қамтамасыз етедi:
     жаңа энергетикалық қуаттарды iске қосуды, энергетикалық
жабдықтарды, өндiрiстiк мақсаттағы үйлер және ғимараттардың жөнделуi
мен дайындалуын, қайта жаңартылуын, жаңғыртылуын және техникалық
қайта жарақтандырылуын қамтамасыз ететiн құрылыс-монтаж және
жөндеу-дайындау кәсiпорындары;
     ғылыми-зерттеу және жобалау институттары.

         Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың салалық
         бағдарламасында ескерiлген электр энергетикасы
                  кешенiнiң ерекшелiктерi

     1. Республика экономикасы мен халқының тыныс-тiршiлiгiн
қамтамасыз етудегi ерекше ролi.
     2. Электр және жылу энергиясын өндiрудiң, берудiң және бөлудiң
бiрге өтетiн процестерiнiң технологиялық бiрлiгi.


      3. Электр станцияларын республика аумағында су қорлары, отын базасы, тұтынушылардың болуына, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптардың орындалуына байланысты орналастыру. Қазақстанның көптеген аймақтарындағы импорт және энергия артық аймақтардан қайта бөлу есебiнен жабылатын электр энергиясының тапшылығы.
      4. Энергетикалық қуаттарды оздыра дамыту қажеттiлiгi (үйлестiрiлген бағдарламалар бойынша).
      5. Энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сапасына, салада және оның буындарында орталықтандырылған диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру керектiгiн дәлелдейтiн төтенше оқиғалар мен ерекше жағдайларда, бiрiккен энергия жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге

жоғары талаптар қойылуы.
     6. Өндiрiстiң қор сыйымдылығының жоғары деңгейi, негiзгi
қорлардың айтарлықтай тозуы, инвестициялық циклдың ұзақтылығы.
     7. Пайдаланылған электр жылу энергиясы үшiн тұтынушылардың
төлем жасамау дағдарысы.

         Электр энергетикасы кешенi кәсiпорындарын, бiрлестiктерi
         мен ұйымдарын акционерлендiрудiң және мемлекеттiк мүлiктi
                      жекешелендiрудiң дәйектiлiгi

     Электр энергетикасы кешенi объектiлерiн акционерлендiру және
жекешелендiру процесi алдын ала құрылымдық жаңартулар енгiзу,
нарықтық-экономикалық жағынан тәуелсiз субъектiлерiн қалыптастыру
және оларды кейiн жекешелендiру қажеттiлiгiнен туған бiрнеше кезеңдi
көздейдi.

         а) I кезең (1996 жыл) - электр энергетикасы кешенiн
                 басқарудың ұйымдық құрылымын қайта құру



      1. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру тәртiбiнде салалық нормативтiк заңдылық актiлерi белгiленген тәртiппен әзiрленедi және бекiтiледi. Электр және жылу энергиясына (қуатына) арналған бағаларды (тарифтердi) мемлекеттiк реттеудiң орталық органы болып табылатын Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия - құрылады.
      2. Құрамында ұлттық электр торабы, электр энергиясының ұлттық көтерме нарығы және орталық диспетчерлiк басқарма бар Ұлттық электр энергетикасы жүйесiнiң қалыптасуы аяқталады.
      3. Электр станцияларына (ЖЭО, ГЭС) және бiрнеше жылу көздерiнен жылу энергиясын тасымалдауды қамтамасыз ететiн магистральдi жылу тораптарына шаруашылық және құқықтық дербестiк берiледi.
      Технологиялық және экономикалық тиiмдiлiгiне байланысты жылу тораптарына жекелеген жылу электр станцияларының құрамына берiлуi мүмкiн.
      Коммуналдық мақсаттағы жылумен жабдықтау объектiлерi (жекелеген ЖЭО, аудандық қазандықтар, жылу тораптары) коммуналдық меншiкке берiледi.
      4. Бiр облыста орналасқан электр тораптары бөлiмшелерiн бiр заңды мекемеге бiрiктiру жолымен аймақтық энергия жүйесiнiң құрамында әрбiр облыста дербес электр торабы кәсiпорны құрылады.
      Аймақтық энергия жүйесiмен бiр облыста орналасқан электр тораптары осы энергия жүйесiнiң филиалдары құқығымен жұмыс iстейдi.
      5. Энергия жүйелерiнiң балансындағы осы аймақ пен тұтастай республика үшiн әлеуметтiк маңызы бар әлеуметтiк-мәдени тұрмыстық объектiлерiн белгiленген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органдарына немесе облыс әкiмдерiнiң қарауына беру жүзеге асырылады.
      Энергия жүйелерiнiң әлеуметтiк инфрақұрылымын қалыптастыру үшiн қажеттi әлеуметтiк-мәдени-тұрмыстық объектiлер тиiстi энергетика кәсiпорындарының баланстарында қалады.

        б) II кезең - электр энергетикасы кешенiнiң объектiлерiн
           акционерлендiру және жекешелендiру (1996 жылдан бастап)

      Электр энергетика кешенiнде мемлекеттiк меншiктi акционерлендiру мен жекешелендiру Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң қатысуымен қайта ұйымдастыру процесiнiң әрбiр сатысында Қазақстан энергия жүйелерiнiң ерекшелiктерi ескерiле отырып жүргiзiледi.
      1. Электр энергетикасы кешенiндегi мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлендiру дербес акционерлiк қоғамдар (компаниялар) етiп қайта ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады:
      су электр станциялары (ГЭС);
      көмiрмен, газбен, мазутпен жұмыс iстейтiн және электр энергетикасы секторының негiзгi энергия өндiрушi кәсiпорындары жүйесiн құрайтын iрi электр станциялары;
      жылу электр станциялары;
      аймақтық энергетикалық жүйелер құрамынан бөлiнетiн облыстық электр тораптары кәсiпорындары;
      өндiрiстiк бiрлестiктер (кәсiпорындар), сондай-ақ энергия объектiлерiнде арнайы жөндеу-дайындау және құрылыс монтаж жұмыстарын жүргiзетiн энергия жүйелерiнiң құрылымынан бөлiнген бөлiмшелерi;
      ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру институттары.
      Жеке жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрамындағы электр және жылу тораптары, жылу электр станциялары бар бiрегей мүлiктiк кешен ретiнде аймақтық энергия жүйесiн акционерлiк қоғам етiп құру варианттары қаралуы мүмкiн.
      Осы немесе басқа вариантты таңдау аймақтық энергия жүйесiн акционерлендiру жоспарын әзiрлеген кезде және әрбiр энергия жүйесiнiң ерекшелiктерiне, оның Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикасы жүйесiндегi орнына, жабдықтардың техникалық жәй-күйiне байланысты жекешелендiрудiң жеке жобасын дайындаған кезде жүзеге асырылады.
      Акционерлiк қоғамдардың (компаниялардың) құрылу сәтiндегi жарғылық қоры 100 процент толығымен акциялар түрiнде мемлекеттiк мүлiктен тұратын болады.
      2. Электр энергетикасы кешенiндегi жекешелендiру жеке жобалар бойынша, қызмет бейiмi мiндеттi түрде сақтала отырып және акционерлiк қоғамдарда дауысты акциялардың 1/3 кем емес мөлшерiнде мемлекеттiң үлесiне қалдырылып, мына принциптерге негiзделiп жүзеге асырылады:
      мемлекеттiк акциялар пакеттерiн немесе олардың сатылуын сенiмдi басқаруға беру;
      Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикасы жүйелерiнiң пайдалану ерекшелiктерiн сақтау;
      энергиямен жабдықтауды дербес басқару мен электр энергиясын өндiру және тасымалдаудағы жоғарғы деңгейдегi үйлестiрудi байланыстыру;
      электр энергиясымен қуатын импорттау және экспорттау мәселелерiнде ұлттық мүдделердiң сақталуын қамтамасыз ету;
      Қазақстан экономикасын сенiмдi энергиямен қамтамасыз ету мақсатында ұлттық көтерме нарықта энергетикалық қуаттардың жеткiлiктi резервiн сақтай отырып энергетикалық өндiрiстi мемлекеттiк реттеу;
      жекешелендiрiлетiн энергетикалық объектiлердiң акцияларын орналастыру, стратегиялық инвесторды тартудың тиiмдi саясатын қамтамасыз ету;
      мемлекеттiк энергетикалық саясатты жүзеге асыру үшiн мүмкiндiктер тудыру.
      3. Энергетика объектiлерi үшiн тартылатын инвестициялардың қажеттiлiгi мен көлемдерiнiң толықтығын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң өкiлдерiнен жекешелендiру жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылады.
      4. Құрамына Орталық диспетчерлiк басқарма, аймақаралық және мемлекетаралық жоғары кернеулi электр тораптарының объектiлерi, 500 кв. және одан астам кернеулi электр тораптары кiретiн "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетикасы жүйесi 1997 жылға дейiн жекешелендiруге жатпайды.

          в) III кезең - электр энергия еркiн нарығының
           қалыптасуы (өндiру және өнiм беру) (1998 жыл)

      Орталық және аймақтық диспетчерлiк орталықтар негiзiнде диспетчерлендiру және электр энергиясын оперативтi сатып алу, сату жүйесi бар электр энергиясының энергетикалық биржасы құрылады.
      Энергия нарығының техникалық және экономикалық қызмет Ережелер жиынтығы негiзiнде құрылады.
      Ұлттық электр энергетикасы жүйесi ұлттық көтерме нарыққа

сатылатын барлық электр энергиясының берiлуiн жүзеге асырады.
     Аймақтық энергиямен жабдықтайтын ұйымдар өз аймақтарында электр
және (немесе) жылу энергиясын бөлудi және сатуды қамтамасыз ететiн
болады.
     Электр энергетикасындағы мемлекеттiк реттеушi комиссия электр
және жылу энергиясының тарифтерiн реттейтiн, энергия нарқы
шеңберiнде бәсекелестiктi дамытуға көмектесетiн, "Электр энергетикасы
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығында
белгiленген басқа да реттеу қызметтерiн орындайтын болады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 30 мамырдағы
                                         N 663 қаулысына
                                            1-ҚОСЫМША

         Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi
             министрлiгi энергетикалық жүйелерiнiң 1996 жылы
                коммуналдық меншiкке берiлетiн мемлекеттiк
                кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң
                                  ТIЗБЕСI 
       а) жылумен жабдықтау объектiлерi (аудандық қазандықтар, жылу
тораптары):
     Қапшағай жылу тораптары 1-АҚ және 2-АҚ бiрге (Алматыэнергия);
     Өскемен N 1, 2 аудандық қазандығы (Алтайэнергия);
     Аблакетка қазандығы (Алтайэнергия);
     
<*>

     Қарағанды жылу тораптары (Қарағандыэнергия);
     Петропавл жылу тораптары (Тыңэнергия);
     Көкшетау жылу тораптары кәсiпорны 1-АҚ және 2-АҚ бiрге
(Тыңэнергия);
     Шульба аудандық қазандығы (Алтайэнергия);
     Ақсу жылу тораптары АҚ бiрге (Павлодарэнергия);
     Шымкент жылу тораптары 1-АҚ, 2-АҚ, 3-АҚ бiрге
(Оңтүстiкқазэнергия);
     Екiбастұз жылу тораптары (Екiбастұзэнергия);
     Қостанай жылу тораптары кәсiпорны 1-АҚ, 2-АҚ, 3-АҚ бiрге
(Қостанайэнергия);
     Қызылорда жылу тораптары НАҚ бiрге (Оңтүстiкқазэнергия);

       б) коммуналдық мақсаттағы ЖЭО;
     Тентек ЖЭО (Қарағандыэнергия);
     Қаражал ЖЭО (Қарағандыэнергия);
     Арқалық ЖЭО (Қарағандыэнергия);
     Екiбастұз ЖЭО (Екiбастұзэнергия);
     Кентау 5-ЖЭО (Оңтүстiкқазэнергия);
     
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.10.24.
              N 1295 қаулысымен.  

P961295_

 
     ЕСКЕРТУ. Тiзбе өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.25. N 1278
              қаулысымен.  

P971278_

   

                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 30 мамырдағы
                                         N 663 қаулысына
                                            2-ҚОСЫМША
     
     "Қазақстанэнерго" ҰЭЖ құрамынан шығарылатын және дербес
          акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылатын iрi
                    электр станцияларының
                          ТIЗБЕСI
     
     Екiбастұз 1-ГРЭС-i
     Екiбастұз 2-ГРЭС-i
     Жамбыл ГРЭС-i
     
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тiзбеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.10.03.
              N 1222 қаулысымен.  

P961222_

  
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады