Ерекше мемлекеттiк меншiктегi және 1996-1998 жылдарда жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1336. Күші жойылды - ҚР Үкіметінiң 1999.08.19. N 1198 қаулысымен.

       ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінiң 1999.08.19. N 1198
                қаулысымен. P991198_
      "Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған Мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдардың бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 ақпандағы N 246 P960246_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ерекше мемлекеттiк меншiктегi және 1996-1998 жылдарда

жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң ұсынылып отырған тiзбесi
бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекетiк комитетi Қазақстан Республикасының тиiстi
министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық
атқарушы органдарының келiсiмi бойынша жекешелендiруге жатпайтын
объектiлердiң атаулы тiзбелерiн айқындасын және оны 1997 жылғы 1
қаңтарға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                             Қазақстан Республикасы
                                                  Үкiметiнiң
                                             1996 жылғы 1 қарашадағы
                                                N 1336 қаулысымен
                                                   бекiтiлген

           Ерекше мемлекеттiк меншiктегi және 1996-1998
          жылдарда жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң
                             ТIЗБЕСI
<*>

     ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 10, 17, 21-тармақтар алынып тасталған,
              12-тармақ өзгертiлген - ҚРҮ-нiң 1997.01.14.
              N 65 қаулысымен.  

P960065_

 



      1. Жер (заң бойынша жеке меншiктегi жерден басқа), жер қойнауы, орман қоры, су ресурстары, әуе кеңiстiгi, өсiмдiк пен жануарлар әлемi, аумақтық су ресурстары, iшкi және сыртқы су айдындарының шельфi.
      2. Күзетiлетiн немесе ерекше әдiспен пайдаланылатын табиғи аумақтар, оның iшiнде қорықтар, ұлттық парктер.
      3. Қазақстан халықтарының тарихи және мәдени мұра объектiлерi.
      4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк, материалдық резервтерi жөнiндегi комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Президенттiң күзет қызметiнiң басқаруындағы штаттағы және резервтегi мүлiктер.
      5. Мемлекеттiк бюджет есебiнен құрылатын, жаңартылатын және күзетiлетiн кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мемлекеттiк және жұмылдыру резервiнiң мүлiктерi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында қос мақсатты өнiм шығару жөнiндегi жұмылдыру қуаты.
      6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң құрамына берiлген арнаулы құрамалар, әскери комиссариат әскери бөлiмдер мен мекемелерге қосып жазған мүлiктер, автокөлiк құралдары мен техника.
      7. Әскери-техникалық мақсаттарды қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде қызмет көрсетудi, аэроғарыш аппараттарын ұшыру және алып баруды қамтамасыз ететiн, ғылыми-зерттеу және аталған салалардағы тәжiрибе-конструкцторлық жұмыстарды жүзеге асыратын, сондай-ақ әуе шабуылына қарсы, ракетаға қарсы қорғаныс, радиоэлектрондық тұншықтыру салаларындағы кәсiпорындар мен объектiлер.
      8. Басқару және бақылау функциясын жүзеге асыратын және барлық

деңгейдегi бюджеттер есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк
мекемелердiң мүлiктiк кешенi.
     9. Табиғи ортаның және еңбектi қорғаудың жай-күйiн бақылау
қызметi мекемелерiнiң кәсiпорындары мен мүлкi.
     10. 
<*>

     11. Мемлекеттiк кәсiпорын мiртебесi бар, сондай-ақ бюджет
қаражаты есебiнен ұсталатын орман және ауыл шаруашылығының
объектiлерi мен кәсiпорындары.
     12. Патент қызметiнiң, стандарттау мен метрология,
ғылыми-техникалық ақпарат мүлiктiк кешенi.
<*>

     13. Арналы темiр жол, теңiз және өзен жолдары.
     14. Қатты және сұйық радиоактивтiк қалдықтарды қайта өңдеуге,
жоюға және көмуге арналған объектiлер, кәсiпорындар мен жабдықтар,
мал көметiн жерлер.
     15. Зират және оның мүлiктерi.
     16. Бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын және кепiлдi қызмет
көлемiн мемлекет қамтамасыз ететiн халықты әлеуметтiк қорғау
объектiлерi.
     17. 
<*>

     18. 1150 кВ ЭБЖ желiсiнен басқа, жоғары вольтты арналы электр
беру желiлерi, мемлекеттiк энергия қадағалау органдары.
     19. Арнаулы және фельдъегерлiк байланыс мүлкi.
     20. Қазақстан Республикасының Олимпиадалық даярлық базаларының
мүлiктiк кешенi.
     21. 
<*>

     22. Мемлекетаралық, облысаралық маңызы бар гидротехникалық 
ғимараттары бар су қоймасы.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 22-жол жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.08.21. N 1273
              қаулысымен.  

P971273_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады