Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның iшiнде көлiк құралдарын да өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1712 P961712_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 53, 512-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
Аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден
шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларын өткiзудiң тәртiбi туралы
ережеде:
9-тармақтағы "кедендiк құндарының 15 процентi мөлшерiндегi
бiрыңғай ставка бойынша, бiрақ килограммына 2 экюден кем емес" деген
сөздер "кедендiк құндарының 30 процентi мөлшерiндегi бiрыңғай ставка
бойынша, бiрақ килограммына 1 экюден кем емес" деген сөздермен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi