Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды, соның iшiнде көлiк құралдарын да өткiзудiң тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 жетоқсан N 1712. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.05.31. N 741 қаулысымен. ~P010741

      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар өткiзуiне байланысты мәселелердi ретке келтiру мақсатында, отандық өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау қажеттiлiгiне байланысты және "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 13) негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған мыналар бекiтiлсiн:
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарларды өткiзу тәртiбi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзу тәртiбi туралы ереже.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацы 1998 жылғы 1 тамыздан бастап күшiн
               жойды - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608 қаулысымен. P980608_
 
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар, соның iшiнде әрi көлiк құралдарын өткiзудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 2 қарашадағы N 1440 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 34, 434-құжат);

 

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне

толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 наурыздағы N 305 қаулысы (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 91-құжат).


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



                                     Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                   1996 жылғы 31 желтоқсандағы

                                        N 1712 қаулысымен

                                           бекiтiлген


           Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы

          жеке тұлғалардың тауарлар өткiзудiң тәртiбi туралы

                              ЕРЕЖЕ


                         Жалпы ережелер



 
       1. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, Қазақстан Республикасына әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарларды қоспағанда, кез келген тауарларды өткiзе алады.
      2. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарларды әкелуi мен олардың тауарларды осы аумақтан әкетуi кеден режимдерiне сәйкес кеден баждарын, алымдары мен салықтарын төлеу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экономикалық саясат шараларын сақтау шарттарымен жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының кеден аумағына жеке тұлғалар әкелетiн акцизделетiн тауарлар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес ресiмделедi (таңбаланады).
      4. Жеке тұлғалардың тауарларды өткiзуiнiң жеңiлдiктi тәртiбi "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 108-бабына сәйкес кеден баждарынан толық немесе iшiнара босатуды, салықтардан босатуды, кеден баждарының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi бiлдiредi.
      5. Кеден баждарынан басқа кеден органдары тауарларды сақтағаны

 

үшiн, сондай-ақ тауарларды ресiмдегенi үшiн, оның iшiнде ол үшiн

белгiленбеген жерлерден тыс және кеден органдарының жұмыс уақытынан

тыс, кеден алымдарын алады.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулысымен.



P980927_



     6.



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.28. N 898

              қаулысымен. 


P970898_



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақ алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927

              қаулысымен. 


P980927_




     7. Осы Ережеде:

     "алып жүрiлмейтiн қол жүгiмен" - тасымалдаушының тасымалдау

туралы шарт (қол жүгi түбiртегi, жүк құжаты, коносамент және с.с.)

бойынша өткiзетiн тауарлары;




     ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың 3 абзацы алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21.

              N 927 қаулысымен. 


P980927_




         Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден

                   аумағына тауарлар әкелуi



 
       8. Жеке адамдардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы әкелетiн тауарлары (акцизделетiн тауарлардан, сондай-ақ ТМД СЭҚ ТН XVII тарауында жiктелген тауарлардан басқа) мына жағдайларда кеден бажынан және кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдарынан босатылады:
      а) жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткен кезде тауарлардың жалпы салмағы 70 килограмнан аспауы шартымен жалпы құны 2000 АҚШ долларына дейiн тауарларды әкеле алатындығы;
      б) Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға қоныс аударушы жеке

 

тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткiзуi кезiнде

көзделедi.

     Бұл ретте кеден органдары алатын салықтар Қазақстан

Республикасының салық заңдарына сәйкес қолданылады.



     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.28. N 898

              қаулысымен.

     ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң

              1998.09.21. N 927 қаулысымен. 


P980927_




     9.



     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.01. N 1204

              қаулысымен. 


P971204_



     ЕСКЕРТУ. 9-тармақ алып тасталды, 10-18-тармақтар 9-17-тармақтар

              болып саналсын - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608 қаулысымен.



P980608_




 
       9. Осы Ереженiң 8-тармағында белгiленген шектеулерден асқан бөлiгiнде кеден төлемдерi мен салықтарын алу, экономикалық саясат шараларын қолдану, жүк жөнiндегi кеден декларациясын ұсынуды қоса алғанда, кедендiк ресiмдеу жалпы қабылданған тәртiппен заң актiлерiне және Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927
               қаулысымен. P980927_
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.09.30. N 979
               қаулысымен. P980979_
 
      10. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелетiн тауарлардың кедендiк құны мынадай жағдайларда оңайлатылған тәртiппен айқындалады:
      а) жеке тұлға ұсынған шетелдiк сауда ұйымдарының анықтамаларының, чектерiнiң, шоттарының, түбiртектерiнiң, сондай-ақ қол жүгi чектерiнiң немесе түбiртектерiнiң негiзiнде - тасымалдаудың құнын ескере отырып, бұл жағдайда тасымалдау шығыстары тауарлардың әртүрлi атаулары бойынша олардың салмағына сайма-сай бөлiнедi;
      б) жеке тұлға мәлiмдеген, құнын растайтын құжаттар болмаған кезде немесе тауарлардың мәлiмделiнген құны каталог (анықтама) бойынша ұқсас немесе бiртектес тауардың құнынан 20% төмен болған жағдайларда кеден органы әкелiнетiн тауардың құнын оларды әуежайға, портқа немесе Қазақстан Республикасы кеден аумағының өзге де әкелу орнына дейiн жеткiзу жөнiндегi көлiк шығыстарын ескере отырып, каталогтарға (ұсынылатын каталогтар "ОТТО", "QUЕLLЕ", "NЕКЕRМАNN", "NURZFАНКRЕUGЕ", "ZWЕIRАD", "LАNDМАSСНINЕN", "AUTORADIO" және с.с.) сәйкес ұқсас немесе бiртектес тауарларға қатысты кеден органында бар бағалық ақпараттың негiзiнде өз бетiнше айқындайды.
      11. Кеден декларациясымен бiр мезгiлде кеден мақсаттары үшiн

 

қажеттi құжаттар мен қосымша мәлiметтер ұсынылмаған немесе кеден

төлемдерi мен салықтары төленбеген жағдайларда жеке тұлғалардың

әкеле жатқан тауарлары уақытша сақтау қоймаларына орналастырылады.

     Тауарларды уақытша сақтау қоймаларында сақтаудың шектi мерзiмi

екi айды құрайды, ол аяқталған соң, кеден органдары Қазақстан

Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.


         Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден

                 аумағынан тауарларды әкетуi


     12. Жеке тұлғалардың тауарларды әкетуi, жеке пайдалануына

арналған тауарларды қоспағанда, қолданылып жүрген заңдарда көзделген

кеден баждары мен алымдарын төлеу арқылы жүзеге асырылады.

     13. Осы Ережеге сәйкес кеден баждары мен алымдарын есептеу және

төлеу мақсаты үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағынан

әкетiлетiн (оның iшiнде салынып жiберетiн) тауарлардың кедендiк құны

"Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан

Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес айқындалады.


          Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi

                          (әкетуi)


     14. Жеке тұлғалардың тауарларды уақытша әкелуi (әкетуi)

Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге

асырылады.


             Тауарларды халықаралық почта жөнелтiлiмiмен

       Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу


     15. Жеке адамның атына Қазақстан Республикасының кеден аумағына


халықаралық почта жiберiлiмiмен жiберiлетiн, жалпы құны қоса алғанда 200 АҚШ долларына дейiн болатын, бiрақ 10 килограмнан аспайтын тауарлар кеден баждарынан және ресiмдеу үшiн кеден алымдарынан босатылады.
      Бұл ретте, кеден органдары алатын салықтар салық заңдарына сәйкес қолданылады.
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927
               қаулысымен. P980927_
 
      16. Жеке тұлғаның кеден аумағынан халықаралық почта жөнелтiлiмiмен салып жiберетiн, жалпы құны 200 АҚШ долларына тең сомадан аспайтын, бiрақ 10 килограмнан артық емес тауарлары кеден баждарынан босатылады.
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.26. N 608
               қаулысымен. P980608_
 
      17. Жеке тұлғалардың халықаралық почта жөнелтiлiмiмен салып жiберетiн тауарларына қатысты кеден төлемдерi мен салықтарын салудың жалпы тәртiбi, егер әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарлардың жалпы құны осы Ереженiң 15 және 16-тармақтарында көрсетiлген шектеулерден асатын жағдайларда, мұндай асып кеткен бөлiгiне қолданылады.
      Қазақстан Республикасының Почта ережелерiне және Қазақстан

 

Республикасының заңдарына сәйкес осындай салып жiберуге тыйым

салынған, халықаралық почта жөнелтiлiмiмен салынып жiберетiн заттар

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлуге жатпайды.

     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 927 қаулысымен.



P980927_



     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.30. N 979 қаулысымен.



P980979_





                                     Қазақстан Республикасы

                                           Үкiметiнiң

                                   1996 жылғы 31 желтоқсандағы

                                       N 1712 қаулысымен

                                           бекiтiлген


           Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы

            жеке тұлғаларының көлiк құралдарын өткiзуiнiң

                          тәртiбi туралы

                              ЕРЕЖЕ


                         Жалпы ережелер



 
       1. Осы Ереже сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасының 8703 тауарлар айқындамасында жiктелiнетiн, жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу және осы аумақтан әкету тәртiбiн айқындайды.
      2. Осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғалардың көлiк құралдарын өткiзуi Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткiзу үшiн белгiленген тәртiбiне қатысты олардың кеден режимдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Жеке тұлғалар көлiк құралдарын (Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған көлiк құралдарынан басқа) Қазақстан Республикасының кеден заңымен белгiленген талаптарды сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағына әкеле алады және осы аумақтан әкете алады.
 
             Қазақстан Республикасының кеден аумағына
                     көлiк құралдарын әкелу
 
      4. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына көлiк құралдарын жеке басына пайдалану үшiн әкелетiн кезiнде жылына бiр автомобильден баж төлемiнсiз әкелу жөнiнде норма белгiленедi, мұндай көлiктер отбасы мүшесiнiң пайдалануына берудi қоспағанда, кедендiк ресiмдеу сәтiнен бастап бiр жылдың iшiнде иелiктен алынбайды және басқа адамның иелiгiне берiлмейдi.
      5. Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында, бiрақ кедендiк ресiмдеу сәтiнен бастап бiр жылдан аспайтын уақытқа келген де осы тұлғаның отбасы мүшесiне пайдалануға берудi қоспағанда, осы мерзiм iшiнде көлiк құралы басқа тұлғаға пайдалануға не болмаса оның иелiгiне берiлмейтiн жағдайда, кеден баждары мен салықтарын төлемей-ақ шет мемлекетте (бұрынғы КСР Одағының республикаларын - мемлекеттерiн қоса) тiркелген бiр көлiк құралын уақытша әкеле алады.
      6. Осы Ереженiң 4, 5-тармақтарында көрсетiлген көлiк құралдарын иелiктен алуға немесе үшiншi тұлғаға пайдалануға беруге: Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген кеден заңдарымен көзделген кеден баждарын, алымдар мен салықтар төленген жағдайда осы тармақтарда белгiленген мерзiмдер шегiнде жол берiледi.
      7. Кеден одағына қатысушы мемлекет-шыққан елi болып табылатын көлiк құралдарын Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелу кезiнде, олар Кеден одағы туралы келiсiмге сәйкес кедендiк ресiмдеуге жатады. Тiкелей әкелу тәртiбi Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң нормативтiк актiлерiмен реттеледi.
      8. Шет ел тұлғаларының жекелеген санаттарына жеке басының пайдалануы үшiн автокөлiк құралдарын әкелу кезiндегi жеңiлдiктер "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен белгiленедi.
 
             Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының
                      кеден аумағынан әкету
 
      9. Жеке тұлғаның, қайта салып жiберудi қосқанда, көлiк құралдарын кез келген әдiспен Қазақстан Республикасынан әкетуi кеден баждары мен салықтарын төлемей-ақ жүзеге асырылады.
 
            Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден
              шекарасы арқылы өткiзетiн көлiк құралдарын
                          кедендiк ресiмдеу
 
      10. Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзетiн автокөлiк құралдары Қазақстан Республикасының Кеден комитетi белгiлеген оңайлатылған тәртiппен декларациялауға жатады.
      Кеден баждарын, алымдары мен салықтарын есептеу кеден органдары кедендiк ресiмдеуге кеден декларациясын қабылдаған күнi жүзеге асырылады.
      11. Тауарларды алып жүру мен көлiк құжаттары, сондай-ақ кедендiк құнды анықтауға және кедендiк бақылауды жүзеге асыруға қажеттi құжаттар кеден органына кеден декларациясымен қоса бiр мезгiлде ұсынылады.
      12. Көлiк құралын өткiзетiн жеке тұлғаның автокөлiк құралының кедендiк құны белгiленген нысандағы кеден декларациясында мәлiмделедi, мәлiмделген құнды растау мақсатында көлiк құралын өткiзушi кеден органына шоттарды, чектердi, анықтамалар мен басқа да нысандағы құжаттарды ұсынады.
      Кеден органы құжаттарға сәйкес қарап, (шанақтың, шассидiң, қозғалтқыштың) нөмiрлерiн салыстырғаннан және каталогтар бойынша тексергеннен кейiн жеке тұлғаның мәлiмдеген автокөлiк құралдарының кедендiк құнының дұрыстығы жөнiнде шешiм қабылдауына құқы бар.
      13. Жеке тұлғаның мәлiмдеген кедендiк құнының дұрыстығын растау құжаттары болмаған жағдайда, немесе мәлiмделген құнды шынайы емес деуге негiз бар болса, кеден органының өзiнде бар бағалық ақпараттың негiзiнде каталогтарға сәйкес (ұсынылатын каталогтар "SUРЕRSСНWАКЕ", "ЕUРОТАХ", сондай-ақ жеңiл автокөлiк құралдарының құны туралы ақпаратты қамтитын басқа да каталогтар) ұқсас немесе бiртектi көлiк құралдарына қатысты әкелiнетiн автокөлiк құралдарының кедендiк құнын кеден органы өз бетiнше анықтай алады.
      Көлiк құралының иесi кеден органы лауазымды адамының түпкiлiктi қорытындысымен келiспеген жағдайда, мұндай адам кеден органының шешiмiне қатысты Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шағым беруге құқылы.
      14. Белгiленген нысандағы кеден декларациясы кеден органдарына кеден заңдарымен айқындалған мерзiмдерде ұсынылмаған, дәлелсiз себептермен немесе есептелген кеден төлемдерi мен салықтары төленбеген жағдайларда жеке тұлғалардың әкелетiн көлiк құралдары уақытша сақтау қоймаларына орналастыруға жатады.
      Жеке тұлғалардың әкелетiн көлiк құралдарын уақытша сақтаудың шектi мерзiмi уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған сәттен бастап екi айды құрайды, аталған мерзiм өткен соң кеден органының Қазақстан Республикасының заңдарына көзделiнген шараларды қолдануға құқығы бар.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады