Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасына мұнай және газ скважиналарында геофизикалық зерттеулердi орындау үшiн иондаушы сәулелеу көздерiн әкелу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 шiлдедегi N 1188 P971188_ қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: 3-тармақтағы "пайдалану қауiпсiздiгiне" деген сөздер "әкелуге" деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Иондаушы сәулелеу көздерiн пайдалану қауiпсiздiгiне бақылау жасау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаментiне жүктелсiн". Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi