1. "Шлюмберже Лоджелко, Инк" компаниясының "Ойлфилд Лоджистикс" акционерлiк қоғамына "Шлюмберже Лоджелко, Инк" компаниясы мен "Арман" бiрлескен кәсiпорнының арасындағы 1997 жылдың 16 шiлдесiндегi N 1 келiсiм-шартқа сәйкес мұнай және газ скважиналарында геофизикалық зерттеудi орындау үшiн Қазақстан Республикасына екi иондаушы сәулелеу көзiн (Amersham Model СDС-СVЗ, 5 кюриге дейiн және SWS Model H 245258 NSR-M 10 кюриге дейiн) әкелуге рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Иондаушы сәулелеу көздерiн әкелуге бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.25. N 1281 қаулысымен. P971281_ 4. Иондаушы сәулелеу көздерiн пайдалану қауiпсiздiгiне бақылау жасау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаментiне жүктелсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 4-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.25. N 1281 Қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi