"Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 570 P970570_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
2-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: "3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн қоспағанда) мемлекеттiк меншiк болып табылады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады"; 3, 4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6 және 7-тармақтар болып есептелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары