Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 570 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 12 қыркүйек N 1332

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 570 P970570_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:

     2-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
     "3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына
сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн
қоспағанда) мемлекеттiк меншiк болып табылады және қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады";
     3, 4, 5 және 6-тармақтар тиiсiнше 4, 5, 6 және 7-тармақтар болып
есептелсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады